Жаңалықтар
Олимпиада қорытындысы шығарылды
2012 жылғы 5-наурызда университеттің мәжіліс залында матемтика, физика, химия, информатика және биология пәндерінен өткізілген олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.Олимпиадаға жалпы 1150 оқушы, оның ішінде математика пәнінен - 394 оқушы, физикадан – 397, химиядан - 85 , информатика пәнінен - 25, биология пәнінен – 249 оқушы қатысты.
АМД
Ректор Ж. Әділов BEA Elektrotechnik und Automation Technische Dienste Lausitz Gmbh компания өкілдерімен кездесті
2012 жылғы 29 ақпанда ректордың және университет өкілдерінің ГФР-дың автоматтандыру және электротехникалық жабдықтау саласындағы ең ірі - BEA Elektrotechnik und Automation Technische Dienste Lausitz Gmbh компаниясы өкілдерімен кездесуі өтті.
ХЫД
Инженер кадрларының біліктілігі үшін алғыс айтты
Соңғы жылдар ішінде «Павлодар мұнайхимия зауыты» акционерлік қоғамының ұжымы Қ. Сәтбаев атындағы Қазак үлттык техникалык университетінің 18 түлегімен толықты, соның ішінде 7 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының түлектері, олар 2011 жылы қабылданды. Жан-жақты теориялық дайындық осы мамандық түлектерінің талап етілуін арттырады.
Ақпараттық-баспа орталығы
Университет пен кәсіпорын арасындағы іскерлік байланыс жемісі
«Дәуір» Республикалық полиграфиялық баспа кешені (РПБК) ҚазҰТУ-да «Полиграфия» мамандығы бойынша оқитын үздік әрі белсенді студенттерге шәкіртақы тағайындады. Желтоқсан айының аяғында «Дәуір» РПБК төрайымы С.М.Назарбаева бірнеше әріптестерімен бірге ҚазҰТУ-ға келіп, шәкіртақы тағайындалған екі студентке сертификатты салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар «Полиграфия», «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», «Тау-кен ісі», «Мұнай-газ ісі», «Металлургия» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер мен магистранттарға арналған «Роботтық техника және көтеріп-тасымалдау жүйелері» атты оқулықтың тұсаукесерін өткізді.
Ақпараттық-баспа орталығы
Белгілі ғалым, мемлекет қайраткері
ҚазҰТУ-да Мұнай-газ ғимаратының Мәжіліс залында 8-желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚазҰТУ және Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының ұйымдастыруымен белгілі ғалым, мемлекет қайраткері Сауық Темірбайұлы Тәкежановтың 80 жылдық мерейтойына арналған “2012-2014 жылдарға тау-кен металлургиялық кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру үшін кадрлар даярлау” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Ақпараттық-баспа орталығы
Құттықтаймыз!
Құрметті Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ түлектерінің «Алумни» ассоциациясының мүшелері, сонымен қатар барлық ҚазГМИ – ҚазПТИ - ҚазҰТУ түлектері.Бүгінгі күнде Ассоциация мүшелерінің саны 170 тен астам адам болғанын естеріңізге саламыз.
Қ. И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
«Алумни» ассоциациясы
Ректордың студенттермен кездесуі
2011 жылғы 29 -қарашада университеттің үлкен акті залында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры Ж.М.Әділовтың студенттерімен кездесуі өткізілді.
Әлеуметтік және тәрбие жұмысы департаменті
Құрметті түлектер!
2011 жылы 9-желтоқсанда сағат 11-00де Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да универститет түлектеріне және жұмыс беруші кәсіпорындарға арналған «Мансап күні» атты жәрменке өткізіледі.
Академикалық сұрақтар департаменті
Инновациялық технологиялар – басты назарда
ҚазҰТУ базасында 26-қазан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы негізінің қалануына 20 жыл толуына орай Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына технологияларды трансферттеу және инжиниринг» халықаралық ғылыми форумының «Инжиниринг және инновациялық технологиялар» атты секциясы өткізілді.
Н.Сәрсек. "РАС" газеті











