Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттері мен қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жағдайы туралы

      КЕАҚ Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ әлеуметтік саласын дамытудағы кешенді бағдарлама мына бағыттарда жүргізіледі: «Студенттердің әлеуметтік құзырлығын арттыру», «Жетім, мүгедек және диспансерлік есепте тұратын студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету», «Білім алушылар мен қызметкерлерге материалдық көмек көрсету және ынталандыру» және «Медициналық қызмет көрсету, студенттер мен қызметкерлердің арасында салауатты өмір сүруді қалыптастыру және түрлі аурулардың алдын алу». Диспансерлік есепте тұратын студенттерге, мүгедек және жетім студенттерге әлеуметтік және материалдық қолдау жасау мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Жетім балаларға жіне ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар қатарындағы студенттерге барлық материалдық және моральдық көмек көрсету мақсатында ақшалай өтемақы төлеу жұмысы ұйымдастырылған.

Ақшалай өтемақы алған студенттер саны:

                      Әлеуметтік санаты Оқу жылы
  2013-2014 2014-2015 2015-2016 2016-2017
 Жетім балалар және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар (балалар үйінің тәрбиеленушілері)
5 5 24 26

 Жетім балалар және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар және қамқоршысы барлар

64 55 22 32

    Университетте жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында киім, аяқ-киім, жұмсақ жабдық алуға өтемақы төленеді:  2013-2014 оқу жылы - 4397,0 тг. ал 2014-2015 оқу жылғы сомасы - 4 140,0 тг., ал 2015-2016 оқу жылғы сомасы - 3 717,2 тг.
    Әлеуметтік қолдау жасау мақсатында университеттің өз қаражатынан мугедек студенттерді тамақтандыру қарастырылды: 2013-2014 жылдары 30 студент, ал 2014-2015 оқу жылдары 23 студент азық-түлік алуға айына 6000 тг., ал 2015-2016 оқу жылдары 27 студент азық-түлік алуға айына 9000 теңге көлемінде ақшалай өтемақы алды. Студенттерге толық тамақтануды ұйымдастыру мақсатында университеттің жеке қаражатынан арнайы туберкулез диспансерінде есепте тұрғандарға ақшалай жәрдем көрсетілді. Ал 2013-2014 оқу жылы әлеуметтік қолдау көрсетуде өзгешеліктер енуіне байланысты диспансерлік есепте тұрған 16 студент айына 15000 тг көлемінде азық-түлік алуына ақшалай өтемақы алды, ал 2014-2015 оқу жылдары қолдаудың осы түрін 21 студент алды, 2015-2016 оқу жылдары қолдаудың осы түрін 12 студент алды.   

      2013 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, мүгедек студенттер және диспансерлік есепте тұрған 114 студентке 9 615,1 тг. ақшалай өтемақы төленді: ал 2014 жылы –116 студентке 10 546 284  тг; ал 2015 жылы 84 студентке 14 239 580 теңге ақшалай өтемақы төленді.

 

      Ақшалай өтемақы алған студенттер саны.

 


 

Әлеуметтік санаты


Оқу жылы


2013-2014


2014-2015


2015-2016


2016-2017


Мүгедек студенттер


30


24


27


30


Туберкулезбен диспансерлік есепте тұратын студенттер


16


21


12


9

    . Студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетудің бірден-бір маңызды нысаны жатақханада тұруға жеңілдіктер беру болып табылады. Жетім балалар қатарындағы студенттер мен магистранттар жатақханада тегін тұрады.
    Сонымен қатар жыл сайын жатақханадан орын алмаған аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге тұрғын үйді жалға алу ушін ақшалай өтемақы төленеді. Тұрғын үйді жалға алатын студенттерге 2013 жылы 4 772,0 теңге, 2014 жылы 298 студентке 5 378 541 тг ақшалай қаржы бөлінді.
    Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы студенттерге білім алуға төленетін ақыға 50%-дық жеңілдік, жазғы оқу семестрінде 6 кредит мөлшерінде тегін оқуына рұқсат берілген, шәкіртақыға 30% мөлшерінде қосымша үстемақы белгіленген.
    Ақылы түрде білім алатын мүгедек студенттердің оқу ақысына 10-20 пайыз жеңілдік беріледі және осы санаттағы студденттердің барлығы жатақханамен қамтылады. Осымен қатар көру және есту жағынан мүгедек студенттердің шәкіртақысына 75% мөлшерінде сыйақы қосылады.
    Материалдық (ақшалай) көмек көрсету мақсатында және білім алушылар мен университет қызметкерлерін ынталандыруда шартты түрде білім алушыларға бюджеттік емес университеттің меншіктік қаражатынан 10-50%-ға дейін жеңілдік жасау бағдарламасы жүзеге асырылуда.
    Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан студенттер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар қатарындағы студенттерге  және мүгедек студенттерге білім алуға төленетін ақыға жеңілдіктер берілген,  2013 жылы 204 студентке 16 031,6 тг; ал 2014 жылы 200 студентке жалпы сомасы 16 178 035 тг, 2015 жылы 256 студентке 13 955 400 теңге.

Әлеуметтік қорғансыз халық тобындағы, ғылымда, оқуда және спортта айрықша жетістіктері бар мектеп бітірушілерге университетте білім алуға грант беріледі.  2013-2014 оқу жылында 24 студент, 2014-2015 оқу жылында  22 студент, ал 2015-2016 оқу жылында -19 студент  Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ грантымен білім алды.
    Аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім балалар қатарындағы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және мүгедек студенттерге сыйақы мен материалдық көмек көрсетілді:  2013 жылы 354 студентке 1 487,6 тг, ал 2014 жылы 495 студентке 5 265 000 тг., ал 2015 жылы 50 студентке 1 000 000 тг.
    Материалдық қолдау және қызметкерлерді ынталандыруға, соның ішінде құрметті демалысқа шыққандарға университет көп көңіл аударады. Тұрақты түрде ҰОС ардагерлеріне, ауған соғысына қатысқандарға, еңбек майданында болғандарға және университет ардагерлеріне материалдық көмек көрсетіледі.
   Штаттағы қызметкерлерге материалдық көмек келесідей жағдайларда көрсетілуі мүмкін:

- Қызметкердің немесе оның туыстарының біреуі қайтыс болған жағдайда (ата-анасы, жұбайы, аға-бауырлары, әпке-қарындастары, балалары) - 5 ЖЕТ көлемінде;

- Қосымша қаражат шығыны жұмсалатын күрделі ем-шаралар жүргізу қажет болған жағдайда (аурудың асқыну түріне байланысты) - 2 ЖЕТ көлемінде;

- Қызметкерге апат салдарынан (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі) болған мүліктік зиян келтірілген жағдайда - 5 ЖЕТ көлемінде; 

- Бала туу немесе бала асырап алған кезде - 2 ЖЕТ көлемінде;

- Университет қызметкерімен некеге отырған жағдайда - 1 ЖЕТ көлемінде.

Қызметкердің өтініші бойынша Басқарма төрағасының (Ректордың) немесе өзге де уәкілетті тұлғаның бұйрығы негізінде жетекшілік ететін проректордың және/ немесе тиісті құрылымдық бөлімшелер басшысының келісімімен, растайтын құжаттарды ұсынған кезде материалдық көмек көрсетіледі.

 Университетте зиянды еңбек жағдайында еңбек етушілерге қосымша демалыс беріледі, жалақысына 30%-дай қосымша ақы қосылады, олар арнайы тамақпен қамтамасыз етіледі және мерзімді медициналық тексеруден тегін өтеді.
    Университетте өз студенттері мен қызметкерлеріне қиын жағдайда материалдық көмек көрсету қарастырылған. Университет оқытушылары мен қызметкерлеріне және олардың балаларына санаториялық жолдамалар 50% жеңілдікпен, ал Ыстық-көлдегі «Самал» демалыс үйіне 30% жеңілдікпен беріледі.
   КЕАҚ Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да медициналық қызмет көрсету саласына, салауатты өмір салтын қалыптастыру және студенттер арасындағы ауруларды алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.
    КЕАҚ Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2020 жылға дейінгі аралықтағы салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.
   Университеттің өз қаражаты есебінен «Медициналық орталық» ашылды, ол студенттер мен қызметкерлердің арасындағы аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырып, үйлестіреді.
    Медициналық орталықтың тапсырысы бойынша университет жыл сайын студенттер мен қызметкерлердің тегін емделуіне, дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтар алуға ақшалай қаржы бөледі. Жыл сайын туберкулезбен ауырып шыққан студенттер, туберкулез бойынша есепте тұрған студенттер және мүгедек студенттерге тұмауға қарсы тегін егу жасалады. Студенттерге медициналық қызмет көрсетуге университеттің өз қаражатынан  2013 жылы – 3 617 610 тг; 2014 жылы 3 080 000 теңге, ал 2015 жылы 4 401 340 теңге жұмсалды.
    Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мақсатында (туберкулез ИППП, ВИЧ/СПИД, шылым шегу, есірткі пайдалану) қалалық студенттер емханасы ҚазҰТЗУ-дың медициналық орталығымен біріге отырып жыл сайын жоспарға сәйкес студенттерді кешендік медициналық тексеруден өткізеді.
    Өткізілген медициналық кәсіптік тексерудің нәтижесі бойынша (ҚСЕ анықтамасымен) ҚазҰТЗУ студенттерінің ауруларының осы уақыттағы ортақ көрсеткіші 2013 жылға қарағанда 30%-ға төмендеген.
   КЕАҚ Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да білім алушылар мен қызметкерлерді әлеуметтік қолдау іс-шаралары білім алу үдерісіне қатысушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, маман дайындаудың сапасын арттыруға бағытталған.
    Әлеуметтік саланы ары қарай дамыту - университет қызметінің басым бағыты.

 

 

Болашақ