Әлеуметтік қорғау

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.05.2000 жылғы №738 «Азаматтарға білім алу кезеңінде көрсетілетін әлеуметтік жәрдемнің мөлшері мен көзі туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы қаулысын орындау барысында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің тамақтануы мен киім, аяқ киім және жұмсақ жабдықтар алуы үшін ақшалай өтемақы төленеді.
     Ақшалай өтемақы алу үшін білім алушылармен әлеуметтік жұмыс бөліміне (МҒ, 312 немесе 603 каб.) мынадай құжттарды тапсыру қажет: ректордың атына өтініш, жеке куәліктің, туу туралы куәліктің, ата-анасының қайтыс болғаны жөніндегі куәліктің немесе қорғаншылық тағайындау туралы сот шешімінің, СТН, ӘЖК және банк карточкасының көшірмелері.
     Сонымен бірге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында университеттің жеке қаражаты есебінен мүгедек студенттер мен туберкулез ауруы бойынша есепте тұрған студенттердің тамақтануы ұйымдастырылады (талон беріледі).
     Талон алатын студенттердің тізімін жыл сайын ҚазҰТУ Медицина орталығы қажетті құжаттар негізінде әзірлейді.
     «Келісімшарт негізінде оқитын студенттерге грант және жеңілдік беру, жазғы семестрге жеңілдік беру және білім алушыларды материалдық ынталандыру жөніндегі комиссия туралы Ережеге» сәйкес жыл сайын студенттер мен магистранттардың оқу ақысына жеңілдік беріледі.
     Өтініштер мен тиісті құжаттар жыл сайын 1-20 қыркүйек аралығында Әлеуметтік жұмыс департаментіне (МҒ, 608) тапсырылады.