Студенттік ғылым

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

     ҚазҰТУ-дың студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары маманды инженерлік және ғылыми-техникалық кадрларды даярлауда негізгі бөлімнің бірі болып табылады. СҒЗЖ ғылыми-зерттеудің теориясы мен тәжірибесіне, әдістемелігіне, жаратылыс пен техникалық ғылымдар саласында қазіргі заман жетістіктері негізінде арнаулы пәндерді терең оқуына және араласуына, студенттердің творчестволық өздік істерін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысу – студенттердің негізгі ғылымдарды өте жақсы қабылдауына мүмкіншілік туғызады, олардың ғылымдық, техникалық және әлеуметтік ой-өрісін кеңейтеді, жаңа идеяларды өз бетімен меңгеруге үйретеді.

     СҒЗЖ негізгі міндеттері:

  • Студенттерді творчестволық және ғылыми жұмысқа даярлауды және біріге оқытуды жүзеге асыру;
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, бақылау және қолдау;
  • Студенттердің творчестволық, өзіндік мүмкіншіліктерін өздері жүзеге асыру және ашу үшін жағдай жасау;
  • Ғылыми жұмысқа студенттердің қатысу нәтижесін жоғарлату және көпшілігін кеңейту;
  • Ғылыми жұмысқа қабілеттілік танытқан студенттердің арасынан ары қарай магистратурада оқуы үшін, ғылыми және педагогикалық мамандарды толықтыру үшін талантты жастарды іріктеу.

     СҒЗЖ негізгі түрлері: Ғылыми семинарлар, конференциялар, республикалық олимпиадалар, инновацияалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурстар, шаруашылық келісімшарт және мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ жасауына қатысу, патенттік жұмыс, көрмелерде қатысу, интелектуальды дебаттық турнирлерде қатысу.