Университеттің инновациялық қызметі

     Инновациялық қызметтің нәтижелері

     Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың басым бөлігі қолданбалы сипатқа ие (80%-ға жуық) және өндірістік кәсіпорындардан тапсырыстар алуға қолайлылық туғызатын таукен-металлургиялық кешені мен мұнай-газ кешенін ғылыми техникалық қамтамасыз ететін, шикізаттарды тереңдетіп қайта өңдеу технологияларын жасауға бағытталған.


Өнеркәсіп секторының басымдықтары

1 – мұнай газ секторы; 2 – тау-кен металлургия кешені; 3 – атомдық және химиялық өнеркәсіп;
4 – машина жасау; 5 – құрылыс индустриясы; 6 – ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;
7 – альтернативті энергетика және ғарыштық қызмет.

2014 жылы өнеркәсіп секторының басымдықтары бойынша
зерттеулердің саны мен қаржы көлемі

     
     Сондай-ақ, ҚазҰТУ "Волковгеология" АҚ, "Тенгизшевройл" ЖШС, "ҚазАгро-Инновация" АҚ, "Мұнайгаз инжиниринг ЛТД" ЖШС, "Контакт" ЖШС, «Kausar» ЖК, «Orda Invest Корпорациясы», «Карлофф-медиа» ЖШС, «Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС, "ЭмбіМұнайГаз" АҚ, «Geotek»ЖШС, «Информатика және басқару проблемалары институт» РМК, «Қазақмыс» ЖШС сияқты ұлттық және трансұлттық компаниялардың тапсырыстары бойынша шаруашылық келісім-шарт жұмыстарын орындайды.
     Соңғы әзірлемелер тиісті құжаттардың расталуымен, нақты ресми мақұлдау мен сынақтан өтті:
     – Сонымен, «Су Арнасы» МКК-сында ағынды суларды тазалау бойынша тәжірибелік-экспериментальды қондырғыларға сынақ жүргізілді, орташа маңызды ағынды суларды тазалау тиімділігінен көрінеді: БПК - 96%,
     – «Майқайың алтын» АҚ-сында ЖЖ меншікті шығынының төмендегенін көрсететін және қазындыдағы қорлардың толықтығын қамтамасыз ететін жарулық уатым параметрлерін анықтау әдісі енгізілді;
     – «Nazarbaev Universitet Research and Innovation System» үшфазалық инверторға сынақ жүргізіліп, сенімді және бір қалыпты жұмыс көрсетті;
     – «Қамқор локомотив» ЖШС-сында оттық кеңістігіндегі мазуттың жану процесінің жақсарғанын көрсететін, уытты компоненттерді қазандықтарға лақтыруды төмендету және қазандық КПД-сын 5%-ға арттыру мен мазуттың механикалық активтену тәсілі енгізілді;
     – «Волковгеология» АҚ-сында хлоркалий тежегіштік бұрғылау ерітіндісіне өндірістік сынақ ойдағыдай жүргізілді және өндірісте кеңінен пайдалану ұсынылады;
     – ҚР БжҒМ-нің Адам және жануарлар физиологиясы институтында экспериментальды аллоксан диабетімен және өткір панкреатитпен жануарларға лигнин негізінде детоксикациялық белсенді сорбентпен зертханалық сынақ жүргізілді және сондай-ақ сорбенттің уытты қасиеті жоқ екендігі белгіленіп және қан плазмасының құрамдас бөлігінен сіңіру тиімділігі көрінеді.

Болашақ