Университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі

     1. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы
     
     Мақсаты: ғылым мен индустрияны дамытуда әлемдік және отандық басымдыққа сәйкес ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерін дамыту үшін жағдай жасау.
     Міндеті:
     1) ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін жүзеге асыру және ұйымдастыру;
     2) ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін әлемдік ғылыми кеңістігінде біріктіру;
     3) ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің барлық деңгейінде ҚазҰТЗУ-дың білім беру процесімен біріктіру;
     4) ҚазҰТЗУ-да ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар мен білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
      Міндетті орындау механизмі:
     1) ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін жүзеге асыру және ұйымдастыру:
     –– ҚазҰТЗУ ғалымдарының халықаралық және республикалық сайыстардың жобалары мен бағдарламаларына қатысуы;
     –– ғылым мен индустрияны дамытуда әлемдік және отандық басымдылыққа сәйкес бәсекеге қабілетті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін (ҚР жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен бекітілген Қазақстан ғылымын дамыту басымдылығымен, ИИДМБ-2 бекітілген Қазақстан индустрия басымдылығымен, жаһандық қауіпсіздікті ескерту бойынша әлемдік басымдылығымен, «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген халықаралық масштабты зерттеу жобалары Үшінші индустриялық революциясымен), сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамуына және білім, ғылым, индустрия, мәдениет және Қазақстан экономикасының басқа да сфералар жүйелерінің құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған инновациялық технологиялар жасау және тарату;
     –– ҚазҰТЗУ-дың аппаратуралы-аспапты зерттеу базасын әлемдік стандартпен синхрондау және жаңарту;
     –– ҚазҰТЗУ-дың ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру бөлімдері мен ұйымдарын аккредиттеу және сертификаттау;
     2) ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін әлемдік ғылыми кеңістігінде біріктіру:
     –– ҚазҰТЗУ-дың әлемдік халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары және университеттерімен қарым-қатынасын дамыту: ҚазҰТЗУ-дың ғылыми зерттеулеріне халықаралық-әйгілі шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшыларды, ғылыми орталықтар мен ұйымдарды қатыстыру (ЮНЕСКО, ИСЕСКО, НАТО, СРДФ, МНТЦ, ИНТ АС, Comstech ОИК, ШҚБ, ОЭС және басқалар); ҚазҰТЗУ-да жетекші шетел ғалымдардың қатысуымен халықаралық конференциялар өткізу; ҚазҰТЗУ ғалымдарын халықаралық шетелдік жобаларға қатыстыру;
     –– рейтингілі шетел басылымында ҚазҰТЗУ ғалымдары мақалаларының санын көбейту;
     –– Республика және шетел ақпараттарына ҚазҰТЗУ ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру жұмыстарының тиімді нәтижелерін кең насихаттау;
     3) ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің барлық деңгейінде ҚазҰТЗУ-дың білім беру процесімен біріктіру:
     –– магистранттарды және РhD докторанттарын дайындаудың жаңа механизмдерін ендіру жолымен ҚазҰТЗУ-дың ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарының потенциалын оқу процесіне ынталандыру және әлемдік ғылым мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қажетіне тиісті жаңа білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
     –– профессор-оқытушы құрамы мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына кең қатыстыру;
     –– жаңа мамандықтарды (Мұнай және газ Геологиясы; Ұңғыларды бұрғылау техникасы және технологиясы; Гидрология; Метеорология; Ядерлі химиялық технология; Сейсмология; Геоэнергетика; Құралдар және дәнекерлеу өндірісінің технологиясы; Маркшейдерлік іс; Геоақпараттық жүйелер және басқалар) және (Ядерлік физика, конденсациялау жағдайындағы физика және басқалар) ғылыми-зерттеу институты және ұйымдар потенциалының базасында жаңа кафедраларды құру;
     4) ҚазҰТЗУ-да ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар мен білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату:
     –– ҚазҰТЗУ ғалымдары және білім алушылардың халықаралық шетелдік конференцияларға, семинарларға және басқа да ғылыми іс шараларға, халықаралық шетелдік жобаларға кең қатысуы және жаңа пікірлер ұсынып, әлемдік ғылыми орталықтар мен университеттердегі ғылыми бағыттардың жетекшілерімен байланыс жасау;
     –– ҚазҰТЗУ-да перспективти ғалымдар мен жас зерттеушілердің еңбегін материалды және моральды ынталандыру, аттестация жүйесін жасау.
     
     2. Инновациялық жұмыс
     
     Мақсаты: ҚазҰТЗУ-да технология және интелектуалды меншікті өнімдерді коммерцияландыру және ендіру үшін жағдай жасау;
     –Міндеті:
     1) ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асыру;
     2) ҚазҰТЗУ-да инновациялық жұмыстарды әлемдік және отандық бизнес-сферада біріктіру;
     3) ҚазҰТЗУ-да ғылым және білім беруді өндіріспен біріктіру.
     Міндетті орындау механизмі:
     1) ҚазҰТЗУ-да бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асыру:
     –– ғылым мен индустрияны дамытуда әлемдік және отандық басымдылыққа сәйкес ҚазҰТЗУ да инновациялық жұмыстарды синхронизациялау (ҚР жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен бекітілген Қазақстан ғылымын дамыту басымдылығымен, ИИДМБ-2 бекітілген Қазақстан индустрия басымдылығымен, жаһандық қауіпсіздікті ескерту бойынша әлемдік басымдылығымен, «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген халықаралық масштабты зерттеу жобалары Үшінші индустриялық революциясымен);
     –– геология; геологиялық барлау жұмыстары; гидрогеология; гидрофизика; сейсмология; география; геотехнология; геоэкология; тау кен ісі; пайдалы қазбаларды байыту; металлургия; мұнай газ ісі; металлургиялық, мұнай химиялық және химиялық өндіру (соның ішінде минералды және органикалық заттарды синтездеу бойынша өндіру) салаларында жобалық, жобалық-зертеу, жобалық-конструкторлық жұмыстарға қатысып, орындау, үйлестіру, (университетпен лицензия алу), ұйымдастыру;
     –– ҚазҰТЗУ-да инновациялық құрылымдарды құру: ғылыми парктер, ғылыми-өндірістік орталықтар, бизнес-инкубаторлар, жобалық және тәжірибе-конструкторлық бюролар, ҚазҰТЗУ-да технологияны коммерциялау және ендіру мерзімінің қырқартуын қамтитын коммерциялаудың инженерлік орталықтарын және отандық өнеркәсіпке шетел технологиясын трансферлеу;
     –– ҚазҰТЗУ-дың инновациялық құрылымдарын аккредиттеу;
     –– ҚазҰТЗУ-дың ендіру базасын әлемдік стандартпен синхрондау және жаңарту;
     –– Интелектуалды меншікті объектілерге, ҒЗТКЖ және ҚазҰТЗУ-ғы ғылыми-білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстардың басқа да түрлеріне құқық беру;
     –– жаңа бәсекеге қабілетті пікір, ғылыми білім, ҒЗТКЖқоғамман басқару сферасын (соның ішінде технологиялар және өнімдер түрлері) өндірістегі әр түрлі саласында жасау, апробациялау және ендіру және экономикалық өсім және Қазақстан өнеркәсіптің басымды және инновациялық секторларын диверсификациясын сонымен қатар басқа елдердің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамсыздандыратын ҚазҰТЗУ старт-ап и спин-офф компания қосылған құндылығымен инновациялық бәсекеге қабілетті өнімнің жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірісін жасау;
     –– ҚазҰТЗУ шығаруға ұсынылған инновациялық ғылыми-теникалық өнімдерін сертификаттау және лицензиялау;
     –– ҚазҰТЗУ-да негізгі қор, акция үлесі және басқа түрлері сапасында өндіріс балансына ендіруімен патент бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
     2) ҚазҰТЗУ-да инновациялық жұмыстарды әлемдік және отандық бизнес-сферада біріктіру:
     –– ҚазҰТЗУ-да ҒЗТКЖ-ды, ендіру жұмыстарын және интелектуалды меншік объектілерін сыртқы және ішкі нарыққа коммерциялау және ілгері бастыру;
     –– ҚазҰТЗУ-да халықаралық ғылыми-техникалық қарым-қатынасты дамыту: ҚазҰТЗУ ғалымдарының халықаралық көрмелер мен басқа да инновациялық шараларға қатысуы; шетел ғалымдарын ҚазҰТЗУ ендірілген жұмыстың толық цикліне қатыстыру (зерттеулерден бастап инновациялық өнімдерді өндіруге дейін), персоналды оқыту және инновациялық жұмыстарды сыртқы нарыққа ұсыну мақсатында коммерциялау және бизнес-ангел халықаралық офистерімен қарым-қатынас;
     –– ҚазҰТЗУ-да халықаралық ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстардың тиімді нәтижесін республика және шетел ақпаратында кең насихаттау;
     3) ҚазҰТЗУ-да ғылым және білім беруді өндіріспен біріктіру:
     –– индустриялық кәсіпорындардың қатысуымен ҚазҰТЗУ-да оқыту-ғылыми-өндіру консорциумдарын, инженерлік бағыттағы орталықтар мен зертханалар құру жолымен ендіру жұмысарына индустрия әлеуетін қатыстыру;
     –– бакалаврлар мен магистрларды даярлау бойынша жаңа кафедраларды құру жолымен индустриялық кәсіпорындардың потенциалын ҚазҰТЗУ оқу процесіне қатыстыру және өндірістік кәсіпорындар қажетін қамтитын жаңа білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;

     –– магистранттарды және РhD докторанттарын дайындаудың жаңа механизмдерін ендіру жолымен ҚазҰТЗУ-дың ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарының потенциалын оқу процесіне ынталандыру және әлемдік ғылым мен өндірістік кәсіпорындар қажетіне қамтитын жаңа білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
     3. Университеттің ғылыми зерттеулері мен инновациялық зерттемелері
     
     3.1 ПОҚ-тың байқауларға, экспозицияларға, ғылыми іс-шараларға қатысуы мен ПОҚ-тың жетістіктері
     2011-2014 жж. ғалымдардаң байқауларға қатысу көрсеткіштері оң динамикаға ие:
     – ғылыми-техникалық байқауына берілген өтінімдер саны: 2011 ж. - 6; 2012 ж. – 8; 2013 ж. – 11; 2014 ж. – 9; 2015 ж. – 5:
     • 2014 жылы 9 бағдарлама берілді;
     – 2015-2017 жж. арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру байқауына 2014 ж қыркүйегінде 7 бағдарлама;
     – «Ньютон – Аль-Фараби» серіктестік бағдарламасына 2014 ж. қарашасында 2 бағдарлама;
     БҰҰ дамыту Бағдарламасы (БҰҰДБ) байқауына 2015 жылы 5 бағдарлама берілді;
     – ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар конкурсына берілген өтінімдер саны жаряиланған конкурстар санына байланысты, сол себепті біркелкі сипатта емес: 2011ж. – 148, 2012 ж. – 340, 2013 ж. – 70; 2014 ж.– 249, 2015 г. – 0:
     • 2014 ж. 208 жоба берілді:
     – 2014 ж. қырқүйегінде 2015-2017 жж. арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру (ГҚ 4) 203 жоба оның ішінде: «Табиғи байлықтарды тиімді пайдалану, шикізаттар мен өнімдерді өңдеу» басымдық бойынша 100 бағдарлама, «Энергетика және машина жасау» басымдық бойынша 37 жоба, «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» басымдық бойынша 37 жоба, «Өмір туралы ғылым» басымдық бойынша 4 жоба, «Елдің интеллектуалды әлеуеті» басымдық бойынша 25 жоба.
     – Алматы қаласының IV Инновациялық Конвент аясында, Алматы қ. «Жастар-Инноватион» үздік инновациялық жобалар байқауына 2014 ж. қарашасында 1 жоба.
     – «Алматы-МиниЭКСПО-2014 Үздік инновациялық жоба» байқауына 2014 ж. қарашасында 2 жоба.
     – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының жас ғлымдарға арналған гранттар байқауына 2014 ж. қарашасында 2 жоба.
     2014-2015 жж. ПОҚ, білім беру және ғылыми бөлімшелерінің ғылыми қызметкерлері университеттің ғылыми зерттеулері мен зерттемелеріне белсенді қатысты.

Университеттің ПОҚ және ғылыми қызметкерлердің, ҒЗИ қоса, ҒЗЖ мен ҒЗжТҚЖ және инновациялық зерттемелерге қатысу көрсеткіштері
(ҒЗИ көрсеткіштері 2015 жылдан бастап енгізілді.)

     
     2014-2015 оқу жылында ПОҚ зерттемелері халықаралық (21жоба) және республикалық (78 жоба) деңгейде өткен көрмелерде көрсетілді. АҚ «ЭмбаМунайГаз» мұнай өндіру объектісінде органикалық бөлінуді болдырмау және тазартудың инновациялық, физико-химиялық әдістерін шығару мен жетілдіру жобасы мемлекет басшылары – Н.Ә. Назарбаев және В.В. Путиннің қатысуымен өткен ҚР мен РФ аймақ аралық қарым-қатынас "Көміртек сутектік сферада инновация" атты XI Форумында ҚР мен РФ энергетика Министрлігінің (ЭМ) дипломына ие болды. «ECO Мини-Экспо Almaty 2014» көрмесінде, Алматы қаласында «ТКО Карасай полигонында биогаз станциясын жасау» жобасы бойынша т.ғ.д, профессор Нүркеев С.С. Алматы қ. әкімінен «Алғыс-хат» және көрмелік стендті жақсы рәсімдегені үшін диплом және ұйымдастырушылардан бағалы сыйлық - планшет IPADair берілген.
     2015 ж. «Архимед» XVIІІ Мәскеу халықаралық өнертабыс және инновациялық технология Салонында, ҚазҰТЗУ ғалымдарының ш жобасы көрсетілді: «Гелийжылулық қуат жинайтын жүйе», «Қалтқылы мобильді микроГЭС» және «Электромобильдерді зарядттауға арналған бекет». Халықаралық қазылар алқасының шешімімен зерттемелер энергоэффективті және энергиясақтау аясында алтын («Гелийжылулық қуат жинайтын жүйе» Ахметов Б.С), және күміс (», «Қалтқылы мобильді микроГЭС» Ахметов Б.С., «Электромобильдерді зарядттауға арналған бекет» Утебаев Р.М.) медальдарға ие болды.
     2014-2015 оқу жылында 1200 университет ғалымдары 70 халықаралық іс-шараларда, соның ішінде ҚазҰТЗУ-дың 9 іс-шарасында (7 Халықаралық конференция мен 2 семинарына) белсенді қатысты. Ерекше салмақты іс-шара университеттің 80-жылдығына арналған (2014 ж. 22-23 қазан), «ХХІ ғасырда инженерлік білім беру мен ғылым: мәселелерімен болашағы» атты Халықаралық форумы болды. Форум жұмысына мемлекетіміздің басшылары Алматы қаласының әкімі А.Есімов, ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Франция, Рессей, Ирак және басқа да мемлекеттер елшілігінің өкілдері мен бас консулдары, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Республикалық және шетел ұлттық ғылым академиясы өкілдері, шетелдік, ұлттық және аймақтық ЖОО ректорлары мен ғалымдары, сондай-ақ компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар және корпорациялар өкілдері қатысты. Форумның 18 секция жұмысына барлығы 23 шет елден: Ұлыбритания, Англия, Франция, Германия, Италия, АҚШ, Жапония, Қытай, Испания, Австралия, Израиль, Нидерланды, Шотландия, Канада, Польша, Сербия, Португалия, Россей, Латвия, Украина, Қырғызстан, Өзбекістан, Қазақстан, 2173 адам қатысты. Форум еңбектерінде 590 баяндама жарияланды.
     Осы форумның аясында:
     1) талқыланды: ХХІ ғасырдағы инженерлік білім мен инновацияларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті инженер кадрларды даярлау және ХХІ ғасырдағы «Табиғат ресурстарының таусылуы», «Су тапшылығы», «Үшінші индустриялық төңкеріс», «Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік» сияқты жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру аясында өндірістік мұнай-газ және тау-кен-металлургия, ақпараттық және телекоммуникациялық, нано-ғарыштық технологиялар секторларына, агломерация, көлік, дәстүрлі және баламалы энергетикаға бағытталған инновацияларды іске асыру және Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау мәселелері;
     2) өткізілді: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да 17 инновациялық жұмыстар (форумның бағытына сәйкес ЭКСПО-2017 және басқа да бағыттар бойынша экспозиция үшін жоспарланған «жасыл энергетика» бойынша жобалар); ТМД және Орталық Азия елдерінің техникалық ЖОО Ассоциациясының біріккен отырысы; 2000 түлектер және 30 астам компания өкілдері қатысқан «Бос орын жәрменкесі»;
     3) ашылды: «ҚазҰТУ- Autodesk» Қазақстан-Ресей автоматтандырылған жобалау және басқару жүйелерінің ғылыми-зерттеу және оқу орталығы; «Datamine International Ltd» орталығы және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ; «PHOENIX Geophisics Ltd» орталығы және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ; «Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы энергия тиімділігі мен энергия қауіпсіздігі» мамандандырылған сыныбының ашылуы; «IT- қорлары және ақпараттық қауіпсіздік»; Геодезия, картография және маркшейдердегі инновациялық геокеңістік технологиялардың ғылыми-зерттеу зертханасы; «BMC Kazakhstan» БиоГеоТехнология ғылыми-зертханасы; ЖШС «Мангышлак Мунай» іскерлік әкімшілік бағдарламасын тыңдау үшін мамандаралған дәрісхана.
     - Азия-Еуропа және Азия центр фондымен бірлесіп 2015 ж. 16 сәуірі күні өткізілген «Орталық Азиядағы климаттың өзгеру мәселесі мен көмірсутекті аясының дамуы» тақырыбында өткен семинары. Семинар сессиялар мен дискуссиялар тұрғысында өтті. Семинар жұмысына Сингапур, Франция, ҚХР, Үндістан, Ұлыбритания, Қазақстан ғылымдары мен өкілдері қатысты.
     1 сессияда Қазақстан мен Орталық Азияның энергетикасын дамытудың тенденциялары мен макроэкономика мәселелері талқыланды; 2 сессия: Орталық Азияның энергетикалық картасы тұрақты даму үшін ынтымақтастық; 3 сессия: Заманауи кәсіптік білім беру-экономиканың инновациялық дамуы адамдық капитал; 4 сессия: Әлемдік энергетика мен климаттың жаһандық өзгеруі: қайта қалпына келетін энергетиканың кешелегі; 5 сессия: Парижге жол: әлемнің отын-энергетикалық теңгерімі келешегінің оңтайлы моделі.
     2014 ж. университет ғалымдарының жетістіктері сыйлықтар, премиялар мен стипендиялармен ерекшеленді: ІІ дәрежелі «Барыс» Орденін АжТТИ профессоры А.Ашимов иеленді; Жаратылыстану ғылымдарының үздік ғылыми зерттеулері бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы премияның иегері болып профессор А.Бегалинов, ӨИИ докторанты А.Аменова, АжТТИ магистранты А.Гнатченко мен ЖТжТДИ студенті Н.Бактыбаева атанды; А.Бүокітбаев атыдағы бірінші ректордың премиясының иегері болып АжТТИ профессоры А.Ашимов атанды; Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болып жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру халықаралық институтының қызметкері А.Шарипова атанды.
     2015 ж. мамырында академия Президенті Н.А.Абыкаевтың төралығымен өткен VIII Астана экономикалық форумының өткен күні болған жаратылыстану ғалымдарының Қазақ Академиясының жалпы жиналысында ҚазҰЖҒА академиктері болып: ҚазҰТЗУ ғылыми және инновациялық қызмет жөніңдегі проректоры Ержан Итеменұлы Көлдеев пен Тұрақты даму зерттеу орталығының директорының қызметін атқарушы, «Қолданбалы экология» кафедрасының доценті- Алинов Максат Шарапатович сайланды; тілші-мүше болып К.Тұрысов атындағы ГжМГІИ ГТПҚІжБ кафедрасының профессоры Бекботаев Анарбек Туркпенович сайланды.
     2015 ж. 5 маусымы күні мемлекеттік Кремль Сарайында (Мәскеу қ.) Эколог күні-2015 атап өтуге арналған, салтанатты іс-шарада, «Өнеркәсіп пен энергетикада экологиялық мәдениет» атты номинациясының иегері болып, профессор С.С.Нүркеевтің «Алматы қ. қатты тұрмыс қалдықтарын Карасай полигонында энерготехнологиялық комплексті жасау» атты жобасы атанды.

     
     3.2 Университеттің ғылым мен инновацияны қаржыландыру
     Университеттің ғылым мен инновацияны, оның ішінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық зерттемелерді қаржыландыру көлемі кенеттен оң динамикаға ие, әсіресе 2015 ж. зерттеу унверситетінің құрылғанынан кейін.

2011-2015 жж. Ғылым мен инновацияларды қаржыландырудың жалпы көлемі (* ҒЗИ көрсеткіштері 2015 жылдан бастап енгізілді. )

  Қаржыландыру көздері тұрғысынан жұмыс түрлері Ғылым мен инновацияларды қаржыландыру көлемі, млн.тг.
 2011 жыл  2012 жыл  2013 жыл  2014 жыл *2015 жыл
 Универ.  + ҒЗИ  Барлығы:
 1.  Мембюджет (г/б), в т.ч.:              
 1.1  Гранттық қаржыландыру  979,671  562,678  813,132  672,676  840,145  3600,029  4440,174
 1.2  Бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру  159,865  205,086  312,165  200,524  996,415  1196,939
 1.3  Зертханаларды базалық қаржыландыру  19,14  39,823  29,867  27,104  25,534  -  25,534
   М/б-ден ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың барлығы:  998,811  762,366  1048,085  1011,945  1066,203  4596,444  5662,647
 1.4  М/б-ден ҒО мен зертханаларды заманауи жабдықтармен жабдықтау  -  456,925  90,0  -  -  -  -
 1.5  М/б-ден зертханалық базаларды модернизациялау:  74,621  305,507  296,617  446,31  21,852  -  21,852
   Мембюджеттен қаржыландырудың барлығы  1073,432  1524,798  1434,702  1458,255  1088,055  -  55684,499
 2.  Сыртқы қаржыландыру, с.і.:              
 2.1  Шаруашылық шарттағы жұмыстар  66,068  99,643  51,774  62,974  81,074  196,962  278,036
 2.2  Технологияны коммерциялау  -  71,536  104,304  226,287  145,645  185,0  330,645
 2.3  Халықаралық ғылыми-техникалық серіктестік,              
 барлығы:
соның ішінде:
 14,969  4,22  14,603  6,111  -  -  -
 – ШевронМұнайгаз  0,957  -  3,919  -  -  -  -
 – University Pierre Mendes France Agenc  -  -  -  -  -  -  -
 – Technische universiteit ejbdhoven  -  -  -  -  -  -  -
 – Франция, Париж  -  -  -  4,225  -  -  -
 – Программа Tempus  3,362  3,647  10,086  1,886  -  -  -
 – Эраcмус Мундус Бағдарламасы  -  0,573  0,598  -  -  -  -
 – NATO Бағдарламасы  10,650  -  -  -  -  -  -
 2.4  ҚазҰТУ технопаркі, барлығы:  9,058  77,139  69,219  38,335  -  -  -
  соның ішінде: - ТБИ  9,058  31,74  33,682  29,772  -  -  -
             - Гранттар    45,4  35,537  8,563  -  -  -
 2.4  Демеушілік көмектің есебінен зертханалық базаны модернизациялау  0,682  2,233  0  12,742  -  -  -
   Сыртқы қаржыландырудың барлығы  90,777  254,771  239,9  346,449  226,719  -  226,719
 3.  Жекеменшік қаражат, с.і.:              
 3.1  Университет қаржысынан ғылыми бөлімшелерді қаржыландыру (орталық штатын төлеуге)  4,043  16,094  15,626  18,165  12,832  -  12,832
 3.2  Университет қаржысынан зертханалық базаны модернизациялау:  101,925  87,997  4,122  3,931  -  -  -
   Жекеменшік қаражаттың барлығы  105,968  104,091  19,748  22,096  12,832  -  12,832
   БАРЛЫҒЫ  1270,177  1883,66  1694,35  1826,8  1327,606  4978,406  6306,0

     2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ҒЗЖ және ҒЗжТҚЖ қаржыландырудың жалпы көлемі 5 есе өсті, шаруашылық-келісімшарт жұмыстары – 4 есе, коммерцияландырған жобалардың қаржыландыруы 4,6 (2012 жылмен салыстырғанда) есе өсті.

  Жұмыс түрі ГҚ, БМҚ, ШШ мен КЖ, аясында ҒЗЖ менҒЗжТҚ қаржыландыру көлемі млн.тг.
 2011 жыл  2012 жыл  2013 жыл  2014 жыл *2015 жыл
 Универ.  + ҒЗИ  БАРЛЫҒЫ:
   Іргелі зерттеу (ҒЗЖ)  45,969  153,000  229,854  195,454  126,536  396,003  522,539
   ГФ, ПЦФ, ШЖ және КЖ аясында қолданбалы зерттеулер (ҒЗЖ және ТКЗҒЗ)  999,77  740,722  944,442  1078,649  1140,852  4582,403  5723,255
 1  ГФ пен ПЦФ аясындағы ҒЗЖ мен
ГФ пен ПЦФ аясындағы ТКЗҒЗ
 933,702
101,56
 569,543
81,0
 788,364
65,0
 789,388
57,8
 914,133
50,023
 4200,441
210,022
 5114,574
260,045
 2  Шаруашылық шарттағы жұмыстар (ШЖ)  66,068  99,643  51,774  62,974  81,074  196,962  278,036
 3  Коммерцияландырылған жобалар (КЖ)  -  71,536  104,304  226,287  145,645  185,0  330,645
   БАРЛЫҒЫ:  1045,739  893,722  1174,296  1274,103  1267,388  4978,406  6245,794

     ПОҚ-тың бір штаттық қызметкеріне шаққанда ҒЗЖ қаржыландыру көлемі де оң динамикаға ие, және 2015жылды 2011 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті: 2011 ж. - 888,478; 2012 ж. - 808,798; 2013 ж. - 1057,924; 2014 ж. - 1103,119; 2015 ж. – 2677,71 мың.теңге.
     

     
     3.3 Университеттің ғылыми нәтижелерінің жарияланымдары
     Университеттің өзінде екі ғылыми баспа бар «ҚазҰТУ хабаршысы» және «ҚР ҰҒА Хабарлары, Геологиялық серия».
     «ҚазҰТУ хабаршысы» ғылыми журналы Париждегі Халықаралық орталықта тіркелген және Ғылыми кадрларды аттестациялау сұрақтары бойынша Комитетінің жарияланымдар тізіміне кіреді.
     2014 ж. «ҚазҰТУ хабаршысы» әр түрлі мамандықтар бойынша 450 астам мақала жарияланды, оның ішінде 120 мақала Қазақстанның жоғары оқу орындарынан және 22 мақала шет елдерден, ТМД елдерін қосканда – Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, оның ішінде 35 ҚазҰТУ ғалымдарының бірлескен жарияланымдары.
     2010-2015 жылдарында шетелде жарияланған мақалалардың оң динамикасы байқалады:

2010-2015 ж.ж. шетел баспаларында ғылыми жарияланымдар санының өсу динамикасы

2010-2015 жж. шетел баспаларында ғылыми жарияланымдарының саны
(* 2015 ж. бастап ҒЗИ мәліметі қосылды)

 Жыл Шетел баспаларында жарияланған мақалалар Thomson Reuters базасына кіретін ғылыми баспаларда жарияланған мақалалар Scopus базасына кіретін ғылыми баспаларда жарияланған мақалалар Жалпы жарияланған мақалалар
 нөлдік емес импакт-факторы бар  ;оның ішінде импакт-факторы 0,25 жоғары
2010 31 13 7 18 56
2011 23 21 5 20 48
2012 51 10 14 53 118
2013 68 22 20 85 173
2014 84 38 26 111 221
*2015 122 39 48 189 359
ВСЕГО 348 130 113 458 919

     3.4 Университтеттің қорғау құжаттары
     
     2015 ж. бастап өнертабысқа өтініш берушілер саны және алынған қорғау құжаттары ҒЗИ мәліметтерін қосқанда жоғары деңгейде болуда:
     – берілген өтініштер: 2010 ж. – 37, 2011 ж. – 42, 2012 ж. – 49, 2013 ж. – 81; 2014 ж. – 67; 2015 ж. – 64;
     – алынған қорғау құжаттары: 2010 ж. – 38; 2011 ж. – 58 соның ішінде авторлық куәліктер 15; 2012 ж. – 49; 2013 ж. – 53; 2014 ж. - 59; 2015 ж. – 101.

2011-2015 жж. өнертабыс санының динамикасы (бірлікпен)

     3.5 Университеттің еңгізу актілері
     
     2015 жылдан бастап ҒЗИ мәліметтерін қосқанда енгізу актілерінің санының оң динамикасы:
     – оқу процесінде: 2010 ж. – 26, 2011 ж. – 38, 2012 ж. – 27, 2013 ж. – 56; 2014 ж. – 67; 2015 ж. – 75;
     – өндірісте: 2010 ж. – 19, 2011 ж. – 15, 2012 ж. – 7, 2013 ж. – 17; 2014 ж. – 20; 2015 ж. – 38.

2010-2015 жж. еңдіру акт санының динамикасы (бірлікпен)

     3.6 Университеттің ғылыми-техникалық қарым-қатынасы туралы келісім
     2014 жылы жақын және алыс шетелдегі 17 жетекші ғылыми және ғылыми-өндірістік орталықтармен халықаралық ғылыми-техникалық қарым-қатынас бойынша (РФ, Сербия, Ұлыбритания, Португалия, Германия, Испания, КХР, АҚШ, Италия, Қырғызстан Республикасы, ОАЭ); ғылым және инновация саласында 4 өндірістік кәсіпорындар және ұйымдармен (ЖШС «Точприбор», ЖШС «Horizontomorrow» ғылыми-технологиялық орталық (Aлмада қ., Португалия), «Агроэкология. Ғылыми зерттеу және дамыту, Рубикон Бизнес Группа ЖШС» (Тель-Авив қ., Израиль), АҚ «АИФРИ «Табыс Венчурлық қор» (Курчатов қ., Қазақстан)) ғылыми-техникалық қарым-қатынас бойынша хаттамаға кол қойылды.
     2014 жылы ғылыми-техникалық қарым-қатынас және технологияны жүргізу туралы: АҚ «АИФРИ Табыс Венчурлық қор», ЖШС «HILL Corporation», ЖШС «Технологияны коммерцияландыру орталығы» ҚР БҒМ және Алматы қаласы, Алматы облысы кәсіпорын иелері Палатасымен 4 меморандум жасалды.
     2015 жылы «БайтұмаТегі» шаруа қожалығына сатудың жай құқығын университет беретін № 29519 «Сұйық органо-минералдық тыңайтқышты алу әдісі» орнына ҚазҰТЗУ инновациялық патентін пайдалану құқығын бері туралы № 43 лицензиялы келісімге қол қойылды.
     2015 жылы грантты қаржыландыру жобалар шегінде біріккен ғылыми зерттеулерді жүргізу туралы 8 құжаттарға қол қойылды:
     - 3 Келісім: АҚ «З-Энергоорталык» (Шымкент қ.), ЖШҚ «Ванюков процесінің инженерлік металлургиялық орталығы» (Мәскеу қ.), ЖШҚ «Ғылыми және инженерлік ұйымдардың Екатеринбург Одағы» (Екатеринбург қ.),
     - 5 Келісім: ФГБО УВПО «Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университеті» (РФ, Саранск қ.), ОЮЛ НПА «Технопарк-Темиртау» ( Темиртау қ.), ЖШС «ЕрнарСервис» (Шымкент қ.), АҚ «С.М. Киров атындағы машина жасаушы зауыты» (Алматы қ.), ЖШС «ҒК Марганец» (Актөбе қ.).

     3.7 Дисертациялық кеңестін жұмысы
     2011-2015 жж. жоғары оқу орнынан кейінгі ғылыми кадрлар даярлау көрсеткіштің динамикасы оң:
     – университеттегі диссертациялық кеңестердің саны: 2011 ж. – 2, 2012 ж. – 3; 2013 ж. – 3; 2014 ж. – 5; 2015 ж. – 7;
     – университеттегі диссертациялық кеңестердегі мамандықтардың саны: 2011 ж. – 8, 2012 ж. – 12; 2013 ж. – 9; 2014 ж. – 14; 2015 ж. – 14;
     – университеттегі диссертациялық кеңестерінде қорғалған докторлық диссертациялардың саны: 2011 ж. – 14, 2012 ж. – 14; 2013 ж. – 20; 2014 ж. – 56; 2015 ж. – 15;
     – университеттегі диссертациялық кеңестерінде ҚазҰТУ докторанттарымен қорғалған докторлық диссертациялардың саны: 2011 ж. – 3, 2012 ж. – 9; 2013 ж. – 12; 2014 ж. – 27; 2015 ж. – 12;
     – басқа жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестерінде ҚазҰТУ докторанттарымен қорғалған докторлық диссертациялардың саны: 2011 ж. – 2, 2012 ж. – 3; 2013 ж. – 8; 2014 ж. – 11, 2015 ж. – 3.
     2012-2013 жж. Докторантурада мақсатты бағыт бойынша оқыды: 2012 ж. – 2; 2013 ж. – 2 докторант «ЖҒМКБО» АҚ.
     2014 жылы ҚР БжҒМ БжҒСБК 2014 жылдың 3 наурызындағы № 387 бұйрығымен (PhD)/ докторы бейіні бойынша философия докторы ғылыми атағын тағайындау үшін докторлық диссертацияларды қорғау және докторантураның 14 мамандықтары бойынша бес диссертациялық кеңес ашылды.
     ҚР БжҒМ БжҒСБК 2015 жылдың 27 ақпанындағы № 286-шы бұйрығымен (PhD)/ докторы бейіні бойынша философия докторы ғылыми атағын тағайындау үшін докторлық диссертацияларды қорғау және докторантураның 14 мамандықтары бойынша жеті диссертациялық кеңес ашылды.

ҚазҰТЗУ-дың диссертациялық кенестері (2015 ж.)

  Мамандық ДК мамандықтар топтары Төраға
 1.  Мұнайхимия 6D073900 Мұнайхимия
6D070800 Мұнайгаз ісі
Төраға: Бойко Г., х.ғ.д., профессор;
 2.  Тау-кең ісі 6D070700 Тау-кен ісі
6D070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
Төраға: Юсупов Х.Ә., т.ғ.д., профессор
 3.  Материалтану және металлургия 6D070900 Металлургия
6D071100 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
Төраға: Байконурова Ә.Ө., т.ғ.д., профессор
 4.  Автоматтандыру және басқару 6D070200 Автоматтандыру және басқару
6D075100 Информатика, есептегіш техникасы және басқару
Төраға: Сулейменов Б.А., т.ғ.д., профессор
 5.  Ақпараттық жүйелер 6D070300 Ақпараттық жүйелер
6D070400 Есептік техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Төраға: Ахметов Б.С., т.ғ.д., профессор
 6.  Энергетика және байланыс 6D071800 Электроэнергетика
6D071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникация
Төраға: Алияров Б.К., т.ғ.д., профессор
 7.  Геодезия 6D071100 Геодезия
6D075500 Гидрогеология және инженерлік геология
Төраға: Әбсәметов М.Қ., г-м.ғ.д., профессор.
 

     ҚазҰЗТУ докторантарының диссертация қорғауы
     2014 жылы докторантураны 54 докторант бітірді. Олардың ішінен 40 докторант қорғауға шықты. ҚазҰЗТУ-дың 40 диссертациясының 29 диссертациялық жұмыстары университеттің диссертациялық кеңесіне ұсынылды, қалғандары басқа университеттердің диссертациялық кеңестерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 9, ҚБТУ – 1, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – 1. Нақты қорғауға ұсынылған 38 диссертациялық жұмыс оң қортынды алды, 1 жұмыс қорғаудан алынды және 1 жұмыс диссертациялық кеңестің теріс тұжырымын алды.
     2015 жылы университеттің диссертациялық кеңестерінде 48 қорғау өтті, олардың ішінде ҚазҰТЗУ докторанттары – 29, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 6, ҚБТУ – 1, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ – 2, ХАТУ – 2, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА – 2 және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ – 6.

     3.8 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ)
     2014-2015 оқу жылында СҒЗЖ көрсеткіштері.
     Қаржыланған ҒЗЖ-на қатысу
     ҒЗЖ-на қаржыланған бағдарламалар мен жобалар бойынша 3434 студенттер қатысты, соның ішінде 2015 ж. 620 студенттер бакалавриат, 1385 магистрант және 240 докторант қатысты ( олардың ішінде113 ақылы негізінде: 51 студент, 36 магистранттар және 26 докторанттар).

ҒЗЖ, ҒЗИОКР және инновациялық жұмыстарға студенттердің қатысуы (* 2015 ж. бастап ҒЗИ мәліметтері енген)

 ҒЗЖ орындаушылар 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015* жыл
саны % саны % саны % саны % саны %
Студенттер бакалавриат 699 6,4 731 7,7 709 7,2 705 7,4 620 6,3
Магистранттар 592 100,0 825 100,0 1114 100,0 1332 100,0 1385 100,0
Докторанттар 112 100,0 146 100,0 187 100,0 211 100,0 240 100,0

     Студенттердің өнертабыстық жұмыстары
     Студенттердің өнертабыстық жұмыстарға қатысуы жоғарылады: 2011–2015 ж.ж. студенттердің қатысуымен 26 патент алынды және 27 тапсырыс, соның ішінде 2011 ж. – 4 патент пен 6 тапсырыс, 2012 ж. – 7 патент пен 7 тапсырыс, 2013 ж. – 6 патент пен 4 тапсырыс, 2014 ж. – 4 патент пен 6 тапсырыс, 2015 ж. – 5 патент пен 5 тапсырыс.
     
     Ғылыми жұмыстар сайысына қатысу
     Ұлттық және транс ұлттық компаниялары, ұйымдармен ұйымдастырылған халықаралық, республикалық конкурстарға, олимпиадаларға және басқа да шараларға студенттер белсенді қатысады.
     ҚР БжҒМ ұйымдастырған базалық мамандық бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмысының Республикалық конкурсына қатысқан студенттер санының өсу оң динамикасы: қатысушылардың жалпы саны - 265 студенттер, олардың ішінде 212 студенттер ҚР БжҒМ дипломымен марапатталған, 2011 ж. – 30/олардан 28 студент ҚР БжҒМ дипломымен марапатталған, 2012 ж. – 52/47, 2013 ж. – 38/30, 2014 ж. – 71/48, 2015 ж. – 74/59.
     Жыл сайын Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың үздік дипломдық жұмыстары Ш-ші халықаралық тау-металлургиялық Конгресс «ASTANA MINING & METALLURGY» шегінде өткізілген «Үздік студенттік дипломдық жұмыс» номинациясы бойынша «Алтын Гефест» ұлттық конкурсында қатысып, жүлделі оындарға ие болды.
     «Металлургия» мамандығының дипломдық жұмысы бойынша халықаралық сайысына (МИҚжС, Мәскеу қ.) осы институттың студенттері қатысты.
     
     Студенттік олимпиадаларға, тренингтерге және басқа да іш-шараларға қатысу
     Жыл сайын студенттік шараларға қатысу нәтижесі бойынша олардың мақалар саны жоғарылады: 2011 ж. конференцияларда 600 студенттер/120 жұмыс жарияланған, 2012 ж. – 590 /150, 2013 ж. – 600/300, 2014 ж. – 605/340, 2015 ж. – 620/350.
     8 қазан 2014 ж. «Kazenergy Energize your future» 6 халықаралық жастар форумында Астана қаласында НДб-11-1қ. тобының студенті Есен Асан 3 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
     Қазан 2014 ж. «Қаражат», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 2-3 курс студенттері «Биржалық симулятор» білім жобасының шегінде «Үздік инвестициялық клуб» сайысының жүлдегерлері атанды (29 қыркүйек - 24 қазан 2014 ж.). Жобаны ұйымдастырушылар –АҚ «Қазақстандық қор биржасы» (KASE) қолдауымен ЖШС «ИРБИС қаражат нарығының ақпараттық агенттігі». АҚ «Фридом Финанс» жобасының негізгі әріптесі – жетекші ресей инвестициялық компания. Университет атынан сайысқа аға оқытушы С.Т. Джакупованың жетекшілігімен ЭжБИ «Қаражат және есеп» кафедрасының студенттері екі команда болып қатысты.
     Қараша 2014 ж. «Changellenge Cup Kazakhstan 2014» 1000 команда – қатысушылар гарвард формат кейсінің шешімі бойынша Қазақстан кубогында ҚазҰТУ командасы 5-ші орын алды.
     4 сәуір 2014ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да студентердің Геофизиктер зерттеу қоғамы ұйымдастырған «Зерттелмеген кеңістіктер» VІ қалалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Геологиялық мамандықтар бойынша ұсынылған 33 баяндаманың 20-сы ҚазҰТУ студенттерінің баяндамасы. Баяндамалар тезистері VІ қалалық студенттік ғылыми-практикалық конференция жинағында жарияланды.
     VІІ халықаралық студенттік электронды ғылыми-практикалық конференция «Студенттік ғылыми форум» - Мәскеу, 2015;
     «Инженерлік білім және еңбек нарығы. Қарым-қатынас стратегиясы» халықаралық форумына НДб-12-1о. тобының 3 курс студенті Балғынова Ажар баяндамасымен қатысты.
     11-13 мамыр 2015 ж. Participant of the international Forum «BlacGold» УФА қаласында НДб-12-1о. тобының 3 курс студенті Балғынова Ажар 3 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
     28-29 мамыр 2015 ж. «West siberian pertolium conference»Тюмень қаласында (Ресей) «МГКОИ» секция бойынша НДб-12-2о. тобының студенті Закаряева А. 2 орын алып, Дипломмен марапатталды.
     13 наурыз 2015 ж. «Қазақстан жастар арасында әлеуметтік мәдени векторлары кеше, бүгін, ертең» үздік баяндамасы және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да өткен студенттік ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысқаны үшін студент Маман А.А. грамотамен марапатталды.
     10 сәуір 2015 ж. Ғылым және инновация департаменті ұйымдастырған «Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатын таратудағы жас ғалымдардың орны мен рөлі» халықаралық Сәтбаев оқулары – 2015. 4 томдық еңбек жинағында 170 баяндама жарияланды.
     18-25 наурыз 2015 жыл. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2 курс студенті Ли Виктор Business Club MGIMO қолдауымен Google кейс-чемпионатына қатысты. Жарысқа қатысушылардан үлкен IT-компаниялары және digital-маркетинг саласында жалпы кәсіби сарапшылармен түйісетін бизнес-міндеттерін нақты шешу талап етілді.
     28 наурыз 2015 ж. Астана қаласында «ІС кәсіпорын» платформасында есептеу-талдамалы міндеттерін пайдалану және бағдарлау бойынша ХХІХ Халықаралық олимпиада» республикалық туры өтті. Осы турда «Есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенті Ауғанова А. 2-ші орынға ие болды.
     3 сәуір 2015 ж. ЭжБИ 5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2 курс студенті Ли Виктор «Changellenge Cup Kazakhstan 2015» бизнес-кейсінің шешімі бойынша Қазақстан кубогының орысша секциясында 1-ші орынға ие болды. Екі жеті ішінде 1000 студенттер 30 бет көлемінде гарвард форматындағы кейсті шешіп, презентация түрінде рәсімдеді. 80 үздік қатысушылар финалға шығып, Маrs, Сбербанк және EY компания менеджерлерінің алдында ауысша презентация жүргізді.
     
     Студенттік ұйымдар, қлубтар жұмыстарына қатысуы
     Университет кафедраларында 46 студенттік ғылыми қоғамдар, ұйымдар, клубтар құрылған. Студенттер арасында форумдар, конференциялар, интелектуалды ойындар, дебаттар өткізіледі.
     ҚазҰТУ Геология және мұнай газ ісі институтының ғылыми қоғам студенттері Алматы қ. 6-11 сынып арасында 100 оқушылар қатысқан екінші Алматылық ашық қалалық геологиялық олимпиада үшін оқушыларды дайындауға қатысты.
     «Әзірлеуші ИС» студенттік клуб жұмысының шегінде доцент У.С. Аманжоловтың Белгісіздік жағдайында шешім қабылдау тақырыбында мастер-класы өтті.
     ««Компьютерлік және бағдарламалық инженерия» кафедрасындағы «Програмистер клубы «Data. Algorithms. Programming» (DAP) » ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының студенттерін халықаралық, республикалық олимпиада және жобалар сайысына қатысу үшін дайындайды. Програмистер клубының жетекшісі – В.П.Карякин КжПИ кафедрасының аға оқытушысы. «DAP» клубының мүшелері болып табылатын студенттер АСМ программалау бойынша дәстүрлі әлем Чемпионатына жыл сайын белсенді қатысады. 28 наурыз 2015 ж. «DAP» програмистер клубының мүшелері Қазақстан мектептері мен ЖОО-ның арасында өтетін MechMathOpen-2015 олимпиадасына қатысты (командалық сайыс).

Болашақ