АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША

Күні: 24 желтоқсан 2016 жыл
Уақыты: 10.00
    Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Ұлттық әл-ауқат қоры «Самрұқ-Қазына» АҚ-ы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев және «ҚБТУ» АҚ-ның ректоры Ескендір Бейсембетов аймақтағы ең бірінші “KBTU Drilling Center” бұрғылау орталығын салтанатты түрде ашады.
    “KBTU Drilling Center” Қазақстанда теңдесі жоқ, бірегей, қазіргі заманға сай оқу-жаттығу орталығы, ол мұнай инженерлерін, операторларын, бұрғылау мердігерлерін мен сервистік компанияларға техникалық кадрларды дайындау саласында әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.
    Бұл аталмыш іс-шарада сонымен қатар «ҚБТУ» АҚ-ы мен Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) компаниясы арасында өзара ынтымақтастық келісім-шартына қол қойылады.
    Келісімге қол қоюшы тараптар: «ҚБТУ» АҚ-ның ректоры Ескендір Бейсембетов пен НКОК компаниясының бірінші басқарушы директорының орынбасары Бруно Жардэн.
    Іс-шара барысында қонақтар Қазақстан Теңіз Академиясына барады деп жоспарланған.
Ақпарат
    “KBTU Drilling Center” орталығында DrillSIM жаттығу құрылғысында оқып үйренудің ең басты артықшылығы – оқытатын орта шын мәнінде жер үсті және шельфтік жағдайларға қатты ұқсайды, соның нәтижесінде жұмыс ортасының барлық интервейстері қазіргі операторлық жұмыстың жағдайын елестетеді, ал жатығу жұмыстары шынайы уақыт тәртібі бойынша өтеді. Мұның бәрі жабдыққа толығымен үйреніп, онымен жұмыс істеу алдында тәжірибе жинауға, сөйтіп бұрғылау жұмысы кезінде кездесетін ақауларды уақытында сезіп, оның алдын алуға мүмкіндік береді.
    Мұндай бірегей Drill Sim-5000 жаттығу құрылғысын алу үшін Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) компаниясы «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешенін ұйымдастыру ассоциациясының қолдауымен демеушілік жасады.
    Қазақстан Теңіз Академиясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша теңізде мұнай кен орындарын игеру және дәстүрден тыс мұнай-газ секторында Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Аталмыш бағыттағы кадрларды даярлау міндеттерін орындау бойынша жақсы көрсеткіштерге жеткен ҚБТУ осы академияны құру жөніндегі серіктесі болды. ҚБТУ халықаралық аккредиттеуден өткен, қажетті инженерлік-механикалық жабдық және инфрақұрылымы, әртүрлі халықаралық университеттермен тұрақты серіктестік байланысы бар, Қазақстандағы жетекші техникалық ЖОО болып табылады.
    Академияда оқу ағылшын тілінде жүргізіледі, ал кадеттер халықаралық суларда және Каспий теңізіндегі теңіз практикасын өтетін болады.
    Бұл жоба Қазақстан Республикасының теңіз әлеуетін дамыту үшін және елдің Халықаралық теңіз ұйымының бүкіл әлемге танылған «Ақ тізіміне» кіру процесінде жәрдемдесу үшін құрылды.
    Қазақстан Теңіз Академиясында мамандарды даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
– Кеме жүргізу;
– Кеме энергетикалық қондырғыларды пайдалану/судомеханика.

Болашақ