Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар мен студенттер!

    Сіздерді мемлекеттік ұлы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
    Біздің еліміз үшін Тәуелсіздіктің маңызы өте зор. Бұл басқаларға қарағанда ерекше аталып өтетін мейрам, ал ширек ғасырлық мерейтой жылы – бұл өткенге баға беріп, келешекке үлкен жоспар құру мүмкіндігі.
    Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ талай жылдан кейін де елдегі алғашқы техникалық зерттеу оқу орны, жоғары білікті инженерлік-техникалық мамандарды дүниежүзілік стандарттарға сай етіп дайындауда көшбасшы болып қала беретініне, сөйтіп Қазақстанның индустриалдық саясатын жүзеге асыруға бағытталған жас ғалымдарды тоғыстыратын орталық болатынына сенім мол.
    Біз өз Тәуелсіздігімізді мақтан тұтамыз, әрі Отанымыздың келешегі бақытты болатынына сенеміз! Алға қойған мақсаттарыңызға жетуде зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!
    Сіздерге және туған-туыстарыңызға шын жүректен аманшылық, сәттілік, береке-бірлік, бар жақсылықты тілеймін!

Құрметпен, ҚазҰТЗУ ректоры Бейсембетов Искандер Қалыбекұлы

Болашақ