Жаңалықтар

Студенттер халықаралық конференцияға қатысты

     2012 жылғы 9-10 ақпанда ЭжБИ-дің «Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» кафедрасының студенттері Суанбекова Салтанат, Жолтаева Айбарша, Безбатченко Марина, Усольцева Надя және Ташибаева Әсел «Экономиканың индустриалды және инновациялық дамуы: тұрақтылық, өсім, әртараптандыру» тақырыбына өткізілген Қазақстан-Британ Техникалық университеті EFC студенттік ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған II Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысты.

ЭжБИ, ӨМжМ

Сәулетшілер Жолдауды талқылады

     15 ақпанда «Сәулет және дизайн» кафедрасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылады. Онда ҚР-дың экономикалық дамуы және материалдық қамтамасыз етілуі; Қазақстандағы білімнің сапасы мәселелері әңгіме етілді.

ҚжСИ

Италиядағы дизайн және өнер университетi тәжірибе алмасты

    2012 жылдың 10 ақпанында Т.К.Бәсенов атындағы «Сәулет және құрылыс» институтының «Сәулет және дизайн» кафедрасында DOMUS академиясынан келген Damiano Antonazzoмен кездесу өтті. Оны «Education & travel corporation» орталығы мен «Сәулет және дизайн» кафедрасы бірге ұйымдастырды.

ҚжСИ

Ғылыми-теориялық конференция өткізілді

     2012 жылы 17 –ақпанда ҚазҰТУ-да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың – «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауына орай «Қазақстан мемлекеттілігінің рухани-мәдени негіздері» атты ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.

ББИ

Тәрбие мен оқуға көңіл бөлінді

     2012 жылдың 14-ақпанында Жерге орналастыру және кадастр мамандығының студенттерімен Т.К.Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты мен Қолданбалы геодезия және кадастр кафедрасы кездесу ұйымдастырды. Кездесу мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауын іске асыруды студенттермен талқыға салу.

ҚГжК

Құрметтi Қ.И.Cәтбаев атындағы ҚазҰТУ олимпиадасына қатысушылар!

    Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері 22-ақпанда апелляциядан кейін анықталады.
  Олимпиаданың 2-кезеңі бойынша 20-ақпанда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін университеттің Мұнай ғимаратының 408 бөлмесінде апелляцияға өтініштер қабылданады.

АМД

Жеңімпаз атанды

     Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «XP production» командасын 1 курс орыс топтары арасында университеттің ТКК лигасы фестивалінде ІІ орын алуымен құттықтаймыз.

АжТТИ

Құрметтi Қ.И.Cәтбаев атындағы ҚазҰТУ олимпиадасының қатысушылары!

    Олимпиаданың 2-ші кезеңі 2012 жылдың 18 ақпанында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін университеттің Бас оқу ғимаратында өткізіледі. Олимпиаданың 2-ші кезеңіне қатысушыларды тіркеу сағат 9.30-да Бас оқу ғимаратының фойесінде (1-қабат) жүргізіледі.

АМД

Жолдау студенттер арасында талқыланды

    2012 жылғы 10-ақпанда 050729-Құрылыс мамандығының студенттерімен Т.К.Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты мен құрылыс кафедрасы студенттермен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды студенттермен талқылау.

СжҚИ

Халыққа Жолдау талқыланды

     Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауына байланысты 13- ақпанда Т.Қ. Басенов атындағы құрылыс және сәулет институтының «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының оқытушылары студенттермен кафедра мәжілісін өткізді.

ТҚжҚОҚ

Синдикатты контент