Студенттік өмір
Студенттер назарына!
24 - наурыздан бастап студенттерге мемлекеттік жеңілдікпен несие беру бағдарламасы ресми түрде өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсыруымен «Самрұқ-Қазына» ҚҰБ ФНБ 40 мың несиеге арналған 15 млрд. тенге бөлді. Осы мақсат үшін «Альянс Банк» АҚ банк-агент болып белгіленді. Несие мақсатты міндет үшін–студенттер оқуына төлем жасау үшін беріледі. Студенттің өтініші бойынша несие жолағы оқудың барлық қалған кезеңіне бірмезгілде рәсімделеді. Несие сомасы оқу семестрі үшін алдын-ала траншпен студент оқитын ЖОО есебіне аударылады. ҚР БжҒМ 2009 ж. 18 наурыздағы № 121 «Студенттерге несие берудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес студенттердің үлгерім өлшемдері мен олардың әлеуметтік статусы белгіленген. 1. Жеңілдетілген несиені бірінші курстан бастап, ақылы негізде жаратылыстану-ғылыми, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға оқитын студенттер ала алады. Бұл жерде «қанағаттанарлық» эквивалентіне сәйкес келетін екіден аспайтын бағасы барлар жіберіледі. 2. Студенттерге несие берудің әлеуметтік статусы: - жетім студенттер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар; - мүгедек – студенттер; ата-анасының біреуі мүгедек студенттер; - ата-анасының біреуі зейнеткер жасына жеткен студенттер; - көп балалы отбасындағы студенттер (төрт және одан көп бірге тұратын, жасы кәмелетке толмағандар); - жағдайы төмен отбасында тұратын студенттер (кейінгі 12 айда отбасының әр мүшесіне шаққанда өмір сүру мүмкіндігінен төмен жалпы айлық кірісі бар); - толық емес отбасында тұратын студенттер (баланы ата-анасының біреуі сондай-ақ ажырасқандар мен күйеуі немесе әйелі жоқтар тәрбиелейді) 3. Студенттерге жеңілдікпен берілетін несиелер жоғары оқу орнының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен беріледі. Несие сомасының және есептелген сыйақының 5 -тен 35 %-ына дейін жоғары оқу орны тарапынан міндетті банкілік салым түрінде кепілдік сомасына дейін кепілдік беріледі. Ал 65-тен 95 %-ына дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан кепілдік беріледі. Университетте студенттердің өтініштері мен құжаттарын қабылдауға арналған техникалық хатшылық құрылды. Техникалық хатшылық құрамына бірінші проректор Байысбеков Ш.Б - төраға, - Жарқынбеков Т.Н. –төраға орынбасары, Ақбұйымова Ж.Ж. –хатшы, институт директорлары және мамандар, қаржы және есеп жүргізу департаменті кіреді. Техникалық хатшылық: - Альянс-Банкпен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады; -студенттерге құжаттар жинауға, оларды рәсімдеуге нақты көмек көрсетеді; -несие алуға көмектеседі. Осы айтылғандарға орай несие алғысы келетін барлық студенттер техникалық хатшылық пен Әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаментке уақтылы жолығуы керек. МҒ 603 бөлме, Ж.Ж Ақбұйымоваға.










