Басшылық

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті құрамындағы Жоғарғы оқу орындарының техникалық пәндер оқытушылары және инженерлік кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау Республикалық орталығының директоры Қазиев Ғалым Зухарнайұлы техника ғылымдарының докторы, профессор
     
Қазиев Ғалым Зухарнайұлы Қостанай облысы Орджоникидзе аулында 1950 жылы 5 наурызда дүниеге келген.
     Ол 1967 жылы Орджоникидзе аулындағы орта мектепті медальмен бітіріп, Қазақ политехникалық институтының автоматика және есептеуіш техникалар факультетіне түсті. 1972 жылы Қазақ политехникалық институтын «Электронды есептеуіш машиналар» мамандығы бойынша тамамдады. Осы институттың техникалық кафедрасын есептеуіш машиналар лабораториясында және ғылыми-зерттеу секторында инженер болып істеді. 1976 жылы КСРО ға (Мәскеу) Басқару мәселелері институтына аспирантураға (автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау) күндізгі бөліміне түседі, онда көрнекті ғалымдардың докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мамиконов Акоп Гаспарович басшылық еткен.
     Аспирант Мәскеуге автоматтандырылған басқару жүйелерінің деректер базалар массивтерін және қолданбалы бағдарламалық жасақтарды жобалауда модульдік принципті қолдану идеясымен келді. Бұл идеяның мағынасы: деректерді өңдейтін күрделі жүйелерді программалық модульдерге және деректер массивіне топтау (декомпозициялау), яғни тиімділік көрсеткіш экстремуммен қамтамасыздандыру.
     1979 жылы Ғ. Қазиев КСРО-ға Басқару мәселелері институтына кандидаттық диссертациясын («Модульдік автоматтандырылған ақпаратты - басқарушы жүйелерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етудің синтез әдістері мен үлгілері») ойдағыдай қорғады.
Ғалым Зухарнайұлы кейінгі жылдары ғылыми - педогогикалық жұмыстармен белсенді айналысуда. Ол келісім-шартты (хоздоговор) және мембюджеттік көптеген зерттеулердің ғылыми жетекшісі. Оның жетекшілігімен ғылыми зерттеулердің нәтижелері түсті металлургиялар, денсаулық сақтау және басқа да салаларға енгізілді. Бір мезгілде педагогикалық жұмыстар жүргізіп, ассистенттен бастап техникалық кибернетика кафедрасының профессор дейінгі жолдан өтті.
Ғ.Қазиев – білікті педагог және қабілетті дәріскер. Ол: «АБЖ жобалау», «Операцияларды зерттеу», «Есептеуіш жүйелер теориясы» пәндері бойынша дәрістер оқиды. Есептеу техникасын және автоматтандырылған басқару жүйелерін жасау және қолдану саласында сапалы мамандар дайындауға бағытталған оқу-әдістемелік жұмыстар жазып шығарды.
      1991 жылы РҒА Басқару мәселелері институтына мақсатты докторантураға қабылданады. 1994 жылы докторлық диссертация («Модульдік автоматтандырылған ақпаратты басқарушы жүйелерді жобалау әдістері мен үлгілері») қорғап, техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алады.
Ол 1999 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университеті «Есептеуіш техника» кафедрасының меңгерушісі қызметіне конкурс бойынша сайланды. Осы қызметте кафедраны методикалық және материалды-техникалық қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Қазіргі компьютерлік сыныптарды ашып, оқытуға міндеттелген бағдарламалық жүйелер жасалынды, жаңа лабораториялық және практикалық сабақтар жүргізілді, ғылыми зерттеу бағытын кеңейтеді.
Ғ. Қазиев автоматтандырылған ақпаратты - басқарушы жүйелерді (ААБЖ) жобалау саласында білікті маман. Ол модульдік ақпаратты – басқарушы жүйелерді жобалау, деректер базалар массивтері мен қолданбалы бағдарламалық жасақтарды жобалау әдістерін және оларды есептеуіш жүйелерге орналастыру, тарату принциптерін және теориялық негізін жасады. Соңғы жылдары блокты – симметриялық үлгілерді және дискреттік бағдарламалау әдістерін зерттеумен шұғылдануда. Ол информатика және есептеуіш техника саласында алғашқы рет ғылыми – техникалық есептердің қойылымдары мен шешулерін жасап, ұсынған. 
     Қазіргі уақытта модульдік автоматтандырылған ақпаратты - басқарушы жүйелерін жобалау және анализ әдістерін жасау саласындағы ғылыми зерттеулерді жетілдіріп жалғастыруда. Оның зерттеу нәтижелері әр түрлі міндеттегі және сыныптағы автоматтандырылған басқару жүйелерін жасау кезінде кеңінен қолданылуда.
     Ғ. Қазиев ғылыми қызметінің нәтижесі – монографиялары және 90-нан астам ғылыми жұмыстары әр түрлі деңгейдегі конференциялар мен мәжілістерде көрсетілуде. Өнер табысы және әдістемелік еңбектер де бар. Ол актуальды ғылыми бағыттар бойынша аспирантураға, ізденушілерге, магистранттарға жетекшілік етеді.
    Зерттеулердің негізгі ғылыми бағыттары: модульдік автоматтандырылған ақпаратты басқарушы жүйелерді жобалау әдістері мен үлгілері, төтенше жағдайларда басқару әдістері, блокты - симметриялық үлгілер және дискреттік бағдарламалау әдістері.
     1984 жылы автоматика және басқару жүйелері факультеттің ғылыми жұмысы бойынша деканның орынбасары қызметінде болды және 1985 жылы Қазақ техникалық институтында ғылыми жұмыс бойынша проректордың орынбасары болып тағайындалды., онда 1988 жылға дейін қызмет істеді.
     1986-1987 жылдары жоғарыда аталған институттың ғылыми жұмысы бойынша проректор міндетін атқарды. 1995 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті құрамындағы Жоғарғы оқу орындарының техникалық пәндер оқытушылары және инженерлік кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау Республикалық орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Осы қызметте ол қазіргі оқыту орталығының негізінде өзекті мамандарды оқытудың жаңа әдістерін енгізді.
      Ғ. Қазиев «ELOP» фирмасының халықаралық дипломымен куәліктендірілген. Ол Германияда нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың тіршілік жасау стратегиялары бағдарламасы бойынша оқыды.
      2000 жылы Ғ. Қазиев Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Информатика және информациялық технологиялар институты директоры қызметіне тағайындалды. Осы қызметте 2005 жылға дейін қызмет істеді. Осы жылдар аралығында институт университетің алдыңғы қатарындағы бөлім болып есептелді. 
      2005-2008 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Автоматика және басқару институтының директор қызметін атқарды. 
      Қазіргі кезде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті құрамындағы Жоғарғы оқу орындарының техникалық пәндер оқытушылары және инженерлік кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау Республикалық орталығының (БАРО) директор қызметін атқарып жүр.  
     Білім саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім озаты», «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына қосқан үлесі» төске тағатын белгілерімен сонымен қатар алғыс және мақтау грамоталарымен марапатталды. 

 

 

 

Агапова Наталья Петровна
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау Республикалық орталығының бөлім бастығы

 

 

 

Уалиева Ирина Сейсенқызы
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау Республикалық орталығының маманы

 

 

 

Сарыбаева Бағила Амангелдіқызы
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау Республикалық орталығының маманы