Ө.Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты
Рысбеков Қ.Б, 08.01.1973 ж. Ресей федерациясы Калининград облысында дүниеге келген. 1995ж. Қазақ ұлттық техникалық университетінің тау-кен факультетін «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша бітірген. 1995-1997 жылдары Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушы-стажеры. 1997-2000 жылдары ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлімінің аспиранты, бітірген соң кандидаттық диссертация қорғады. 2000-2003 ж. оқытушы, 2003-2005 ж. аға оқытушы, 2005-2009 ж. доцент қызметін атқарушы. 2009 жылдан – «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының доценті. 2008-10 ж.ж – Ө.А. Байқоңыров атындағы тау-кен институты директорының орынбасары. 2010 ж. – 2011 ж. осы институттың директоры. 2011 ж. бастап Ө.Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институтының директоры
45 - тен астам ғылыми еңбегі, сонымен қатар қосалқы авторлармен бірге жазған 1 оқулығы, «Экологиялық энциклопедия», Ғылыми салалық «География және геодезия» түсіндірме сөздігі және 3 оқу құралы, Мемлекеттік тілде жеке жазған 2 оқу құралы, 25 әдістемелік нұсқаулығы, 20 ОӘК бар.
ҚазҰТУ-дың «Құрмет грамотасымен», ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Алғыс хатымен» мараптталған, 2000-2002 ж.ж. жас талантты ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.
1933 жылы 20 – қыркүйек ССР Одақтық кеңес халық комитетінің шешімімен Қазақстан астанасында, құрамында Семей геологиялық барлау институтын енгізе отырып Қазақ тау – кен металлургия институтын (КазТкМИ) құру туралы шешім қабылдады.
1933 жылы 27 қыркүйекте өткізу Акты жасалды. Семей геологиялықбарлау институтының 121 студенттен тұратын барлық 3 курсын және материалдық – техникалық базасын ҚазТкМИ-ға берген болатын. Осылайша Қазақстанда инженер мамандарын дайындайтын бірінші республикалық жоғарғы техникалық оқу орны ашылды.
Институттың бірінші жетекшісі Әшір Жанәліұлы Бүркітбаев болды. Орал - қазақ өнеркәсіпті академиясын бітірген, ол өзінің сарқылмайтын энергиясымен және мақсатқа ұмтылушылығымен институттың дамуына, қалыптасуына қомақты үлесін қосты.
Жаңа институтта оқу жылы 1934 жылы 1 қыркүйекте басталды. Оқуды 145 студентті бастаған болатын, саны жағынан ең көбі, Семей оқу орнынан ауыстырылгандар болды. Бірақ 1934 жылы қазан – қараша айларында институтқа бірінші курс студенттері қабылданды.
Қазіргі КазҰТУ ішіндегі бүгінгі Тау - кен институты 1940 жылғы КазТкМИ түлегі Ө.А.Байқоңыровтың атын алып жүр. Ө.А.Байқоңыров нститутты аяқтағаннан кейін Жезказган мысбалқыту комбинатында маман иесі болып жұмыс істеді, инженер кенбасқармасының бастығы дәрежесіне дейін өсті, 1951 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады, 1959 жылы профессор атағы берілген болатын. Ал 1952 жылдан бастап ол он жыл институт ректоры болып жұмыс істеді.
1945 жылы бірінші қыркүйекте бейбітшілік оқу жылы басталды. Ал оқу жылына барлығы бес курсқа 748 студент кірісті, олардың арасында 133 майдангер. Жалпы институтқа 1945-1949 жылдар аралығында 300 соғысқа қатысушы майдангерлер түсті. Осы майдангерлер қатарынан республика бойынша халық шаруашылығының ең ірі бастықтары және мемлекеттік қайраткерлері шықты.
Соғыстан кейінгі жылдары бірінші рет республика өнеркәсіптерінің үлкен даму болашақтарына орайлас ҚазТкМИ политехникалық институтқа ауыстыру туралы сұрақ қарастырылды. Институт дамуында жаңа кезең, тау - кен инженері Ө.А.Байқоңыровтың басшылыққа келуімен басталды.
Айрықша мәнді күн ретінде 1960 жылдың 8 маусымы институттың тарихына енеді. Бұл куні Қазақ тау – кен металлургиялық институты Қазақ политехника институтына ауыстырылды (КазПТИ).
Өтіп кеткен 75 жыл ішінде, тау - кен факультеті, ал қазіргі атауы бойынша Тау - кен институты – танымастай өзгерді. Бұл уақытқа дейін 18 мыңнан аса тау – кен инженерлері өмірге өз жолдамаларын алды. Институт құрамында жеті шығарушы кафедра бар:
«Маркшейдерлік - іс және геодезия», «Пайдалы қазбаларды жерасты өңдеу», «Ашық тау – кен жұмыстары», «Тау жыныстарын бұзу және шахта құрылысы», «Тасымалдау және тау – кен машиналары», «Технологиялық үрдістерді компьютерлендіру және жобаларды басқару», «Инженерлік геодезия және жерге орналастыру».
Тау - кен институты келесі мамандықтарды дайындауды жүргізеді :
-5В071100 - Геодезия және картография:
• Аэрофотогеодезия;
• қолданбалы геодезия;
• картография.
-В5070700 - Тау кен ісі:
• Маркшейдерлік іс;
• пайдалы кен орнын ашық әдіспен өңдеу;
• пайдалы қазбаларды жерасты өңдеу;
• тау жыныстарын бұзу және шахта құрылысы;
• Технологиялық үрдістерді компьютерлендіру және жобаларды басқару.
-5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар:
• Тау – кен машиналары және жабдықтар;
• Металлургиялық машиналар және жабдықтар;
• Мұнай машиналары және жабдықтар.
-5В090300 - Жергеорналастыру.
-5В090700 - Кадастр.
Кафедралардың оқу - лабораториялық базалары барлық заманауй құралдармен жабдықталған, техникалар мен технологиялардың жұмыс істейтін макеттері, оқу процессінде қолданылады. Материалдық - техникалық базасы, тау - кен ғылымы мен өндіріс алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуге рұқсат етеді. Институт қызметкерлерімен 56,0 млн.теңгенің ғылыми жұмыстарын жасалуда.
Институт ішінде ғылыми ізденуге техникалық ғылымдарының доктор дәрежелеріне (кандидаттар) төменде аталған мамандықтар бойынша диссертация қорғауға диссертациялық кеңесті ұйымдастырылған: Тау – кен машиналары; Тау – кентехникалық жүйелерді жобалаудың теориялық негіздері; Геотехнология (жер асты, ашық және құрылыс); Тау – кенөнеркәсіптік, мұнайгазөндіруші геология, геофизика, маркшейдерия және жер қойнауларының геометриясы;
| 2008 – 2009 оқу жылына бастап тау - кен ісі мамандығы бойынша PhD докторларды дайындау жүргізіледі. Тау – кен институтының Д.А.Қонаев атындағы ТКИда, ГАЖ Қазақстанда, ГФОКте бөлімдері және екі полигоны бар: Капшағай геодезиялық полигоны және «тау – кен институтының оқу полигоны» бар. Кафедралар университеттің тау – кенметаллургия ғимаратында жалпы 1458 м2 өндіріс ауданын алып жатыр, 41 кабинет және лаборатория, сонымен қатар 4 компьютерлік сыныптар орналаскан. Мамандандырылған лабораториялар жаңа құралдармен, жабдықтармен жабдықталған: тау жыныстарының физикасы лабораториясы: престер, осцилографтар, дефектоскоптар; кен орнының аэрологисының лабораториясы, заманауй BTS құралымен жабдықталған. Кафедраларда оқытудың белсенді әдістері кең қолданылады (АОС, телекөрсетілім, студенттердің диалогты тәртіпте және басқа да жағдайлардағы білімдерін машиналық бақылау); жұмыс барысында 15 бағдарлама қолданылады. Тестті оқу рейтингтік жүйесі енгізілген. Тәжірибелік жұмыс, сабақтарды өткізгенде, дипломдық жобаның бөлімдерін орындау барысында САПР элементтері қолданылады, мысалға «AutoCAD», «SURPAC», «KREDO»,«Liscad» және басқалар. |
|
Кафедраларда тәжірибелік жұмыстарды өткізуі барысында, САПР элементтері барлық дипломдық жобаның бөлімдерінің орындалуында қолданылады.
Институттық қызметкерлері оқулықтарды өңдеумен, оқу - әдістемелік әдебиеттермен белсенді шұғылданады. Барлық сабақтар, мамандықтарды оқу жоспарларымен, ұстаздармен қамсыздандырылған, Біздің бітірушілерімізге сұраныс жоғары, көп талап етілген, жұмысқа орналасу көрсеткіші – 95%-ға жетті.










