Қоғамдық ұйымдар
  1. KazNTU SPE Student Chapter 
  2. Студенттер альянсы
  3. Жатақхана студенттер кеңесі
  4. «Бәйшешек» клубы
  5. «Ғибрат» танымдық-эстетикалық клубы
  6. Дебатклуб
  7. «Сәтбаев мұрагерлері» клубы
  8. «Техносила» интеллектуалды клубы

1. Студенттер альянсы

Жұдызхан Түктібаев
Студенттер альянсының төрағасы

Байланыс телефоны: 8 701 594 4314

     Студенттер альянсы студенттердің танымдық-интеллектуалдық қабілетін дамыту, студенттер арасында патриоттық сезім қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күрес, әлеуметтік – сараптамалық жұмыс сияқтты бағыттар бойынша құрылған.

2. Жатақхана студенттер кеңесі

     Студенттік кеңес құрамына қабат старосталары, қыздар кеңесі, редколлегия, спорт, мәдениет, тазалық секторлары және тәртіп дружиналары кіреді.

     Студенттік кеңес мүшелері жатақхана базасында өтетін түрлі мәдени-көпшілік, спорттық шаралардың, дөңгелек үстелдер мен кездесу, семинарлардың ұйымдастырушыларының бірі болып табылады.

3. «Бәйшешек» клубы

Меңгеруші – Омирбеков А.А.
Басты оқу ғимараты, №326 кабинет
тел. 292-63-39

     «Бәйшешек» әдеби бірлестігі университетте әдеби кештер ұйымдастыру, студенттер мен қызметкерлердің жаңадан жазылған өлеңдер, әңгімелер, новеллалар, басқа да шығармаларын тыңдап талқылау, көркем және публицистикалық шығармаларда жастар тақырыбы, студенттік өмір, университет жетістіктері мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу болып табылады.

     Бірлестік мүшелерінің шығармалары «РАС» газетінде жиі басылып тұрады, Университетте өтетін мәдени-тәрбиелік іс-шаралардың ұдайы қатысушылары.

     Әдеби бірлестік мүшелері басқа жоғары оқу орындарының әдебиет бірлестіктері мен үйірмелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

4. «Ғибрат» танымдық-эстетикалық клубы

«Қоғамдық пәндер» кафедрасы
Басты оқу ғимараты, №815 кабинет
тел.: 257-70-95 (ішкі 72-72)

     «Ғибрат» танымдық-эстетикалық клубы, жетекшісі – ф.ғ.к., қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Оразалиев Бақытжан. «Ғибрат» клубының негізгі бағыты – елімізге танымал тұлғаларды дәріптеу арқылы студенттерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

5. Дебатклуб

Клуб үйлестірушілері:

Қазақ лигасы – Суханов Сакен 8 700 459 7516

Орыс лигасы – Асакаев Арман 8 701 525 9690

     Пікір-сайыс клубтарының мүшелері Халықаралық, республикалық қалалық пікірсайыстардың, интеллектуалдық ойындардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, жүлдегерлері. Негізгі бағыты жастар мәселелеріне қатысты интелектуалдық ойындарды және жарыстарды ұйымдастыру және қатысу. Дебатклубтың ұйымдастыруымен жыл сайын ҚазҰТУ кубогына республикалық, халықаралық дебат турнирлер өткізеді.

     Мақсаты:

  • университет қабырғасында пікір-сайыс клубын дамыту, білімгерлерді клубтың құрамына тарту, олармен белсенді жұмыс жасау;
  • білімгерлердің саяси сауаттылығын арттыру;
  • Қазақ тілінің дамуына үлес қосу, шешендік сөз өнеріне үйрету;
  • нағыз патриот азаматты тәрбиелеу;
  • нниверситеттің қоғамдық жұмыстарына белесене араласу;
  • Қазақтың айтулы қоғам қайраткерлерімен кездесу ұйымдастыру;
  • белгілі бір ұйым ретінде клубты (оның құрамын, ережелерін, логотипін) ресми түрде тіркеу.

6. «Сәтбаев мұрагерлері» клубы

Басты оқу ғимараты, №328 кабинет
тел.: 292-63-29 (ішкі 72-86)

     «Қ.И. Сәтбаев» орталығы жанынан құрылған «Сәтбаев мұрагерлері» клубының мақсаты - әлемге танымал бір туар ғалым халқымыздың мақтанышы Қ.И. Сәтбаевтың өнегелі өмір жолын, ғылымдағы ұлы ашулары мен ол тапқан жер асты байлығын жас ұрпаққа кең көлемде насихаттау, оқытып үйрету.

     Осыған орай Сәтбаев мұраларын жинақтау, сақтау және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Сәтбаевқа тән әр түрлі ғылым салаларында белгілі бір тақырыптар бекітіп сол тақырыптар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын үшін белсенді де білімді жастардың басын қосып «Сәтбаев ізбасарлары» студенттік клубы құрылған.

     Клуб мүшелері Қ.И. Сәтбаевтың ізденіс-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Клубқа университеттің студенттері, магистранттары және жас мамандар мен ғалымдар мүше болып қатыса алады. Басқа оқу орындарынын қатысамыз деушілерге де жол ашық.

7. «Техносила» интеллектуалды клубы

Клуб үйлестірушісі:
Азизов Шухрат 8 702 567 1168

     Интеллектуальный клуб «Техносила» КазНТУ основан с целью популяризации интеллектуального досуга среди студентов Казахского национального университета им.К.И.Сатпаева. Клуб занимается участием и организацией интеллектуальных игр, таких как спортивный «Что? Где? Когда?» и «Брейн-ринг».

     Целью Интеллектуального клуба является создание благоприятных условий для формирования интеллектуальной, эрудированной молодежи; обеспечение возможности для каждого студента реализовать свое право на творческое развитие личности в соответствии с его способностями и потребностями.