Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер!

                                                  Сіздермен қауышып отырғаныма өте қуаныштымын! Өздеріңізбен сындарлы да табысты байланыста болатынымызға нық сенімдімін. Өйткені, «Ректор блогы» жоғары оқу орнының оқытушыларымен, студенттерімен және қызметкерлерімен ұдайы тікелей байланыста болу үшін құрылып отыр. Бұл – өз ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды айтуға, пікір алысуға, өздеріңізді толғандырып жүрген көкейтесті мәселелеріңізді сұрауға мүмкіндік туғызатын бірден-бір сайт болмақшы. Сіздермен ашық және еркін байланыста болу – жоғары оқу орны басшыларының тиімді және табысты еңбегінің жемісі болып табылады. Біз, Сіздер мен біздер болып үлкен жауапкершілікті талап ететін – елімізді жоғары білікті инженерлік кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында еңбек етеміз. Бүгінгі күннің ұстанымымен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің индустриялық дамудағы, отандық өнеркәсіпті қалыптастырудағы рөлінің бағасын арттыра түсу өте қиын. Университет құрылғаннан бергі тарихына көз жүгіртсек, Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізіп, қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналуына өз ықпалын тигізгендігін сенімді түрде айта аламын. Яғни «Политехтің» бүгінгі күнгі жетістігі – ол біздің аянбай істеген еңбегіміздің жемісі, ортақ жемісіміз!
    Бірақ алдымызда бағындыратын шыңдар, біз жүзеге асыруға тиісті орасан күрделі міндеттер де аз емес!
   Осы блогты енгізу – біздің ортақ ісімізді жетілдіріп дамытуға, келелі қиындықтар мен мәселелерді шешуге мүмкіндіктер туғызатынына сенімдімін!

    Ізгі ниетпен,
    ректор                                                                    Ж.Әділов