Халықаралық серіктестермен куздесулер
    Астана қаласында 2011 жылдың 3-4 мамырында болатын Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Қазақстанға сапармен келген Францияның мемлекеттiк хатшысы, Көлік Министрі Тьерри МАРИАНИ мырза 2011 жылдың 1 мамырында Франция-Қазақстан ынтымақтастығы саласындағы университет пен оның әлеуетімен танысу үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға келіп кетті.
     Тьерри МАРИАНИ мырзамен Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль БЕРТОННЭ, Францияның Қазақстандағы бас консулы Гийом НАРЖОЛЛЭ мырза, сауда-экономикалық кеңесшісінің орынбасары Элен РОЖЕ ханым, мәдениет және ынтымақтастық мәселелері кеңесшісінің орынбасары Йоан ШИТТЕРЕР мырза еріп жүрді.
     Қонақтардың ең басты зейіні өткен жылдың желтоқсанында ашылған Қазақ-Француз білім беру орталығын «ҚазФЭО» құру: бірлескен жобаны жүзеге асыру барысына қонақтардың ерекше көңілін аудару болды.
     Тьерри МАРИАНИ мырза орталықтың жайына ризашылығын білдіріп, оны: «Білім, ғылым және өндіріс түйіндестігі саласындағы Француз-Қазақ ынтымақтастығының ең сәтті мысалы» деп атады.
     2011 жылдың 6 мамырында сағат 10.00-де Нобель сыйлығының лауреаты Финн Эрлинг Кидланд университет ұжымына «Economic Policy. Consistency and the Growth of Nations» тақырыбында дәріс оқыды.
     2011 жылдың 6 мамырында сағат 12.00-де Нобель сыйлығының лауреаты Роджер Дэвид Корнберг университет ұжымына «Life as Chemistry» тақырыбында дәріс оқыды.
    2011 жылдың 10 мамырында ҚазҰТУ – ға АССА агенттігінің Ұлыбритания нарықтық даму департаментінің директоры Тоби Мозли мырза келіп кетті. Экономика және бизнес институтының қызығушылық танытқан кафедра меңгерушілерінің қатысуымен өткен кездесуде бухгалтерлік есеп, бағалау және аудит бойынша білімі бар түлектерді оқыту үшін АССА-ның жәрдемдесу мәселелері талқыланды. Тараптар АССА біліктілігі бойынша емтихандар сынағы мақсатында ҚазҰТУ және АССА арасындағы келісім жобасына қатысты бiрлескен жұмыс туралы келісті.
     2011 жылдың 11 мамырында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ–дың ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры І.Н.Дюсембаев–тың Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің (Ресей) өкілдерімен кездесуі өтті. Келу мақсаты Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен НМТУ арасындағы келісім шеңберінде жақын арадағы сияқты келешектегі де жоспарларды талқылау болды. Тараптар жаңа келісімде анықталатын, осы келісілген шарт бойынша бірлесіп магистратурада оқуды ұйымдастыру (2 диплом, 2 жетекші) туралы келісті.
     2011 жылдың 13 мамырында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры Ж.М.Әділовтің Францияның Лотарингия мемлекеттік политехникалық институтының Президенті Ф.Лоран мырзамен кездесуі болып өтті.
     Келу мақсаты - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) және Лотарингия мемлекеттік политехникалық институты (INPL) арасында Қазақ-Француз «Геоэнергетика ғылыми-оқу орталығын» құру туралы келіссөз өткізу болды. Тараптардың қорытындысы бойынша үш университет арасындағы келісімге қол қою үшін 14 мамырда сағат 10.00 –де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –да кездесуге келісті.
     2011 жылдың 16 мамырында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры І.Н.Дюсембаевтың шетелдік серіктестермен (Германия) кездесуі өтті.
     Кездесу мақсаты білім беру, ғылыми бағдарламалардың алға жылжу мәселелері бойынша көлік және логистикада сапа менеджментін дамыту секторында ақпаратты-аналитикалық жүйелердің инновациялық ресурс орталығын құру және серіктестікті талқылау болып табылады.
     Кездесуге қатысушылар жобаны іске асыру туралы ұсыныспен келісті. Жобаның үйлестірушісі көлікті-логистикалық сектор бойынша «Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit» (GIZ) GmbH Неміс коммерциялық кәсіпорны болады. Жобаға Қазақстан Республикасының (CCI KZ) сауда-өнеркәсіп палатасы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ және Өзбекстаннан екі серіктес қатысады. Жобаны аяқтағаннан кейін әрбір тараптың жеткен жетістігі және қандай тәжірибе алғандығын талқылауға болатын форум ұйымдастырылады.
     2011 жылдың 17 мамырында ҚазҰТУ-ға АСПРЯЛ/АКСЕЛС халықаралық білім беру бойынша Америкалық кеңес өкілдері келді. Келу мақсаты - ҚазҰТУ мен АСПРЯЛ/АКСЕЛС-тың арасындағы ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын анықтау болды. Тараптар айтылған ақпараттарға қызығушылықтарын танытты және келесідей қосымша кездесу қажеттігі туралы келісті.
     2011 жылдың 19 мамырында өткен кездесулердің қорытындылары бойынша Малайзия техникалық университетімен (UTM) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
     2011 жылдың 26 мамырында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ–дың ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры І.Н.Дюсембаевтың Малайзия мемлекеттік университетінің (UKM) өкілдерімен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында қонақтар келесі презентацияларын ұсынды:
  • Профессор, Че Хюсна Азхари, Корпоративті жоспарлау және басқару орталығының проректоры: “Quality Assurance in Higher Education: The Malaysia Case” – Жоғары білім сапасын бақылау атты презентациясын таныстырды;
  • Германияның Дюйсбург – Эссена университеті жанындағы UKM халықаралық бөлімнің халықаралық үйлестірушісі, профессор Анданастути Мухтар “Introduction to Universiti Kebangsaan Malaysia”- Малайзия мемлекеттік университеті туралы қысқаша ақпарат атты презентациясымен таныстырды.
  • Технологиялар және ғылыми әзірлемелер факультетінің биотехнологиялар институтының директоры Ван Мохтар Юсуф «Fermentation Technology Research and Application» атты презентациясымен таныстырды.

     Бірлескен ортақ талқылау барысында өзара тиімді ынтымақтастықтың басты бағыттары белгіленді және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен UKM (Малайзия) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
     Қонақтар ҚазҰТУ-дың Малайзиядағы бес зерттеу университетінің ішінен үшінші малайзиялық серіктестікке ие болғандығын атап өтті.