Көркем шығармашылық
- ҚазҰТУ көктемі
- Студенттік КТК
- Көркемөнерпаздар үйірмелері
- Жетістіктері
- Мерекелік іс-шаралар
- Галлерея
Көркемөнерпаздар үйірмелері
| № | Үйірмелер | Үйірмелердің жұмыс уақыты | Жетекшілер |
| 1. | Халық аспаптар оркестрі | Дүйсенбі, бейсенбі сағ. 18.00 |
Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық оркестрдің дирижері, Шамғон Қажығалиев атындағы республикалық дирижерлар байқауының жеңімпазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткер – Жанас Бекентұров. Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық оркестрдің қобызшысы – Гүлбақыт Сенбиева. |
| 2. | Хор және вокал | Дүйсенбі, бейсенбі сағ. 18.00 |
Дирижер – Ғалымжан Берекешев Жетекші концертмейстер – Нұрбүбі Акбарова |
| 3. | Драма | Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма сағ. 18.00 |
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жастар театрының актрисасы, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты – Райхан Қалиолдина. |
| 4. | Би | Сейсенбі, бейсенбі сағ. 18.00 |
Балет артисі – Шолпан Джананбаева |
| 5. | КТК (КВН) | Сейсенбі, сәрсенбі, жұма сағ. 18.00 |
Көркемөнер шығармашылығы бөлімінің бастығы, ҚР мәдениет қайраткері – Шолпан Өмірзақова |
| 6. | «Бәйшешек» әдеби үйірмесі | Сейсенбі, сағ. 18.00 | ақын, сатирик, Жазушылар одағы «Найзагер» сатириктер қауымдастығының мүшесі – Аспандияр Өмірбеков |
| Ескерту: Сұрақтармен Көркемөнер шығармашылығы бөліміне, каб. 235-а ТКҒ, тел.: ішкі 72-76 хабарласуға болады | |||
Жетістіктері
Жоғары дәрежедегі өнер көрсету және шығармашылық жетістіктері үшін көркемөнерпаздар коллективі аудандық, қалалық, республикалық конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары атанды, атап айтсақ Бостандық ауданының «Студенттер көктемі» мен «Соғыс жылдарының әндері» фестивальдерінің Гран-При иегері, қалалық «Алматы – жастар қаласы», «Ұлттық Дельфийлік ойындары» фестивальдерінің, «Патриоттық әндер» байқауының, Республикалық шығармашыл жастар мен студенттерінің «Жас толқын» (Павлодар – 2006, Талдықорған - 2007) фестивальдерінің Гран-При иегері. «Технар-Политех» КВН командасы Республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы болса, «Ханшайым» бишілер тобы Республикалық «Жас толқын» фестивалінің Гран-при иегері, Бүкіләлемдік студент жастар фестивалінің 1-ші дәрежелі лауреаты (Қрым, Ялта-2007), Халықаралық «Шабыт-2008» фестивалінің дипломанты атанды.
Қалалық, аудандық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Университеттің халық аспаптар оркестріне әр түрлі аспапта ойнайтын 100-ге жуық өнерпаз студенттері қатысады.
Хор капелласының құрамы жылдан-жылға еселенуде. Қазіргі таңда 500-ден астам студент пен қызметкерлер – хор мүшелері.
Драма үйірмесінің қойылымдары «Қыз-Жібек», «Еңлік-Кебек», «Екі жүрек» университетте ерекше бағаланды.
Көркемөнерпаздар үйірмесіне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентұров, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Райхан Қалиолдина, Светлана Акбарова сынды белгілі өнер майталмандары жетекшілік етеді. Студент жастардың талантын ашып, шығармашылық табыстарға жетуіне Көркемөнер шығармашылығы бөлімінің мамандары зор үлес қосуда.
1. Университетте өткізілетін дәстүрлі мерекелік іс-шаралар:
- «Білім күні»;
- «Студенттер қатарына қабылдау»;
- «Қазақстан халқының Тілдер апталығы»;
- «Жайна, жастық!» атты эстарадалық ән байқауы мен «Інжу-маржан» атты дәстүрлі әндер байқауы;
- «Тәуелсіздік күні»;
- Университет КВН лигасының Чемпионаты мемлекеттік және орыс тілдерінде;
- Университет қызметкерлерінің арасында өтетін «Қылықты қыз-келіншектер-ай» байқауы;
- «Наурыз» мейрамы;
- «ҚазҰТУ көктемі» көркемөнерпаздар фестивальі;
- «Сәтбаев күндері»;
- «Өз құқығыңды білесің бе?»;
- «Самғау» атты үздік түлектер фестивальі.
2. Қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шаралар:
- Қала күні;
- Республика күні;
- Конституция күні;
- «Қазақстан», «Хабар», «31» канал, «КТК», «Алматы» телеарналарымен байланыс; - «Шәкен жұлдыздары» кинофестивальі;
- Спорт пен мәдениет, еліміздің қоғамдық әйгілі қайраткерлерімен кездесулер;
- «Жас Отан» ЖҚ, Қазақстан жастар Конгресі мен Алматы қаласының Әкімшілігінің қолдауымен «Менің Отаным - Қазақстан», «Біздің Туымыз!», «Біздің Әнұран!», «Ана тілім - ардағым» акцияларға, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйыдастыруға қатысу.
3. Темекі тарту, нашақорлық және СПИД-пен күрестің жетілдіру жұмысы:
- Кештер, кездесулер ұйымдастыру;
- Арнайы плакаттармен көрме ұйымдастыру;
- Семинар-диспуттар ұйымдастыру;
- «Өмір тіршілігі қауіпсіздігі» пәндер аясында арнайы дәріс, семинар сабақтарын өткізу;
- Нашақрлық және СПИД-ке қарсы КВН ұйымдастыру;
- Плакаттар конкурсы, санитарлы бюллетень шығару.










