Халықаралық байланыс
Халықаралық серіктестермен куздесулер
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың халықаралық қызметтер негізіндегі бағыттарының бірі әріптестік қатынастардың дамуы болып табылады.
Әріптестердің құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Польша, Түркия, Корея, Қытай, Ресей тағы басқа әртүрлі шетел университеттері кіреді.
АҚШ университеттері мен компанияларының ынтымақтастығы белсенді дамуда. Әлемдегі 16 жетекші университеттері ішіне кіретін университеттердің әріптестік бағдарламасына біздің университет қосылған. Бұл бағдарламаның демеушісі «Шеврон» компаниясы болып табылады. Бұл бағдарлама «Шеврон» компаниясының ғылыми-білім процесінің дамуына байланысты материалдық – техниканың жақсаруына, академиялық өзгерістердің күшеюіне, мұғалімдер мен студенттерге стипендияның бөлінуіне және университетердің жан-жақты демеуші көмек ретіндегі басқа да мақмсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Бұл келісім-шартта Колорада тау-кен мектебіне магистранттар мен докторантура философия PhD бірігіп дайындауға және қос диплом алуға негіз қалады.
Осы бағдарлама шеңберінде университетте ақылы негізінде оқитын қабілетті студенттерге шәкіртақы бөлінеді. Сонымен қатар «Шеврон» компаниясы зертханалар мен дәрісханаларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету үшін гранттар бөледі. «Шеврон» компаниясының қолдауымен университет делегациясы ынтымақтастық келісім-шарт еңгізу үшін, Колорада тау-кен мектебіне барып қайтты.
Сонымен қатар ҚазҰТУ-дың білім беру орталықтарымен 6 американдық техникалық университетімен, американдық Гирне университеті, Иллинойс технологиялық институты, америкалық білім беру консорциумы, Колорадо университеті, Монтана университеті, Оклахома университеттерімен келісім шарттары бар.
Біздің университет үшін Қазақстанда, құрлықтар мен мемлекеттерде өздерінің филиалдары бар «Шнейдер Электрик» франция компаниясы Еуропа бағытындағы стратегиялық әріптестердің ішіндегі ең басты компанияның бірі болып табылады. Осы жылдың қараша айында ашылатын Қазақстандық-Француз білім орталығы Францияның «Шнейдер Электрик» компаниясы шығаратын жоғарғы сапалы оқу-зерттханаларымен қазіргі заманға сай жабдықталады. Осы орталықтың мұғалімдері арнайы дайындықтан өтеді. Студенттердің оқуы қазіргі заманға сай жабдықтар мен инновациялық білім беру жобалары негізінде өткізіледі. Бұл біздің университетке еңбек нарығында бәсекеге түсуге, білікті мамандар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Азия бағытындағы «Woo Kwang Tech Co., Ltd» корея компаниясы және Корея Республикасымен Білім Министрлігінің көмегімен күн энергетикаға арналған жартылай өткізгіш техника, электроника, металл тану, полимерлер, керамиканың төңірегіндегі жоғарғы технологияларының дамуына арналған шикізат қорлар негізінде қаланған Қазақстандық – Корея білім беретің орталығы ашылды.
Қазіргі географиялық бағыт мәліметтері бойынша келесі жылы Малайзия университеттерімен бастапқы ғылымдар мен студенттер, ПОҚ-пен алмасу жобаларының біріккен ынтымақтастығын күтудеміз.
Университет үш халықаралық жоба бағдарламаларында Евросоюз «ТЕМПУС» және «Эрасмус Мундус» консорциумдарында белсенді қатысады, сонымен қатар ТМД қатысушыларының жоғарғы оқу орындары Ассоциациясы, Шанхай ұйымдарының университеттері, Ресейлік техникалық университеттерінің Ассоциациясы мен Қазақстан және Еуроодақ техникалық уиверситеттерінің консорциумы, Халықаралық ассоциация университеттерінің мүшелері болып табылады. Университеттің басты мақсаттарының бірі – студенттердің ұтқырлық қабілеті болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық нәтижелері бойынша біздің қабілетті студенттер үшін европа мен американың жоғарғы оқу орындарынан оқып екі диплом алуға мүмкіндіктері бар.
Университет Шеврон, ҚазАтомПром, ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз, ПетроҚазақстан, Шлюмберже, Аджип Қарашығанақ, Маерск, Халлибертон және тағы да басқа өндірістік серіктестіктерімен ғылыми-техникалық жобаларды орындауда, оқу материалдық-техникалық базасымен ғылыми-зерттеу зертханаларын жақсартуда белсенді ынтымақтастық орнатуда.










