Ғылым
- Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі
- Университеттің инновациялық қызметі
- Интеллектік меншікті құру реті
- Тематикалық жоспар
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми-зерттеу жұмысы таукен мен мұнайгаз ісі, металлургия, геология, гидрогеология және сейсмология, сәулет және құрылыс, ақпараттық технологиялар, машина жасау, автоматтандыру мен телекоммуникация, экономика және басқа да Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарына сәйкес техникалық және гуманитарлық ғылымдар салалары бойынша жүргізіледі.
Университетте жүргізілетін ғылыми зерттеулер, сонымен бірге ғылыми-өндірістік жұмыстар мына есептер бойынша жүзеге асады:
- іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулер жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік бюджет және басқа деңгейдегі бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен;
- ҒЗЖ орындау үшін қатысқан конкурстардан грант есебінде түскен қаржы есебінен;
- тапсырушымен келісімшарт бойынша ҒЗЖ, сонымен бірге университеттің ғылыми-өндірістік қызметімен байланысты жұмыстарды орындау үшін түскен қаржы есебінен.
Ғылыми зерттеулердің тиімділігін жоғарылату мақсатында университетте салалық зертхана, уақытша творчествалық ұжымдар, ғылыми-техникалық орталықтар, ғылыми-өндірістік бірлестіктер, студенттердің шығармашылық орталығы құрылған.
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы
2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ –де жалпы қаржы көлемі 718,75 млн.тг құрайтын 45 жоба бойынша ғылыми зерттеулер орындалуда (1 сурет):
- ҚР БжҒМ 2009-2011ж. арналған «Іргелі зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша 19 ҒЗЖ, қаржы көлемі – 43,0 млн.тг;
- ҚР БжҒМ 2009-2011ж. арналған «Нарықтық экономиканың механизмдерін параметрлік реттеу» ғылыми-техникалық бағдарлама, қаржы көлемі – 140,0 млн.тг (20,0 млн.тг – тең орындаушылар);
- ҚР БжҒМ 2009-2011ж. арналған «Көмірсутекті және таукен-металлургиялық секторларға және осымен байланысты басқа да салаларға арналған жаңа технологиялар» ғылыми-техникалық бағдарлама, қаржы көлемі – 391,3 млн.тг (40,0 млн.тг – тең орындаушылар);
- ҚР БжҒМ 2010-2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасындағы наноғылымды және нанотехнологияны дамыту» ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша 1 ҒЗЖ, қаржы көлемі – 2,6 млн.тг;
- ҚР БжҒМ 2010-2012 жылдарға арналған «Халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар» ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша 2 ҒЗЖ, қаржы көлемі – 6,9 млн.тг;
- «Ғылым қоры» АҚ 2 грант, қаржы көлемі – 8,5 млн.тг;
- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бағдарламалары бойынша 6 ҒЗЖ, қаржы көлемі – 100,8 млн.тг;
- Шаруашылық келісімшарттар бойынша 12 ҒЗЖ, қаржы көлемі – 23,3 млн. тенге;
- Халықаралық грант бойынша 1 келісімшарт, қаржы көлемі – 2,2 млн. тенге.

1 сурет – 2010ж. ҚазҰТУ ҒЗЖ-ның қаржы көлемі
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 2010 жылдың 10 қазанына дейінгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі
| №п/п | Тақырып атауы | Тапсырыс беруші және қаржыландыру көзі | Ғылыми жетекшінің аты-жөні, тегі | Қаржы көлемі |
| 1 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 8 келісімшарт «Қатты радиациялы-термиялық ықпалға ұшыраған металдардың құрылымы мен физикалық қасиетін үлгілеу» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Ысқақов Бейсембай Мамайұлы | 1 081 000 |
| 2 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 9 келісімшарт «Спектральды сипаттауды зерттеу негізінде Қазақстанның типтік экожүйелерінің көпжылдық және сезондық ауытқу индикаторларын анықтауға арналған оптикалық ақпараттық құрылғыларды жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Құсаинов Саин Ғалиұлы | 1 575 000 |
| 3 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 10 келісімшарт «Құрамында марганец бар тотықтырғыштардың қатысуымен өте қиын алынатын алтыны бар мору қыртысындағы кендерді автоклавты күкіртқышқылды шаймалау үрдісінің физико-химиялық негізін өңдеу» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Байысбеков Шыныбай Байысбекұлы | 1 070 000 |
| 4 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 10 келісімшарт «Кенді және техногенді қорғасын- және мырышқұрамды шикізаттардан түсті және сирек металдарды кешенді бөліп алудың гидрометаллургиялық технологиясының физико-химиялық негізін жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Байқоңырова Әлия Өмірханқызы | 1 926 000 |
| 5 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 10 келісімшарт «Қорғағыш қасиеті бар жаңа наноөлшемді тиімділігі жоғары материалдар алудың ғылыми технологиясын әзірлеу» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Айдарова Сәуле Байларқызы | 2 675 000 |
| 6 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 10 келісімшарт «Флотациялық реагентерді энергетикалық әсерлер негізінде модификациялау мен технологиялық қасиеттерін арттырудың теориялық негізделуі және тәжірибелік зерттелуі» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Шаутенов Мэлс Рахимұлы | 1 070 000 |
| 7 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 10 келісімшарт «Жер қабатынан мұнай алуды жоғарылататын технологиялар мен ғылыми негіздерді жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Әділов Жексенбек Мәкейұлы | 6 420 000 |
| 8 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Ақбақай алтын кенорны құрылымының кенділік критерилері» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Бәкенов Мұхтар Мұқашұлы | 1 590 000 |
| 9 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Табиғи минералдардың медициналық мақсатқа жаралымдылығын болжаудың геологиялық-генетикалық, рудалы - формациялық, геохимиялық, кристаллохимиялық, технологиялық критерилерін және Қазақстанның минералдық шикізаттарынан импортауыстырғыш дәрі - дәрмек жасаудың ғылыми -экспериментальдық негіздерін әзірлемелеу» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Бейсеев Оспан Бейсейұлы | 1 823 000 |
| 10 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Ғылыми негіздердің қорын бағалау және мұнайды өндіру, дайындау, тасымалдаудың инновациялық технологиялық сұлбасын жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Ахмеджанов Тілеухан Қорамжанұлы | 4 090 000 |
| 11 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Табиғи және техногендік рудалардағы алтынның болу формаларын және қасиеттерін микро- және нанодеңгейде зерттеу» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Байбатша Әділхан Бекділдаұлы | 3 635 000 |
| 12 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Геомеханикалық процесстердің пайда болу мүмкіндігін болжаудың математикалық моделін және әдістемесін жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Әділов Қайыржан Науқаділұлы | 2 649 000 |
| 13 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Көп компанентті кенорындарын ашық қазу кезінде кешенді кен өнімінің сапасын геотехнологиялық реттеудің ғылыми негіздерін жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Рақышев Баян Рақышұлы | 1 622 000 |
| 14 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Ашық кен қазу жұмыстарында жазық скважиналарды қолдану кезінде аттыру жұмыстарының инновациялық технологиясының негізгі параметрлерін жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Кабетенов Төлеген Кабетенұлы | 1 727 000 |
| 15 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Жазық ұңғымаларды пайдаланып кен-геологиялық және кентехникалық шарттары әр түрлі кен денелерін жерасты әдісімен қазу кезінде аттыру жұмыстарының инновациялық технологиясының негізгі параметрлерін жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Юсупов Халидилла Әбенұлы | 1 727 000 |
| 16 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Жазық ұңғымаларды қолдану кезінде жару жұмыстарының инновациялық технологиясының негізгі параметрлерін жасау» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Цой Самен Викторович | 1 818 000 |
| 17 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Пайдалы қазбалардың стратегиялық маңызды түрлерінің қорларын үйлестіре (балансталған) басқарудың ғылыми - әдістемелік негіздерін өңдеу» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Лисенков Александр Александрович | 1 590 000 |
| 18 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Қазақстанның болашақта қолданылатын термоминералды және өндірістік суларының генезисі, ресурстары және жүйелі түрде қолданудың бағыттары» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Завалей Вячеслав Алексеевич | 2 755 000 |
| 19 | 2010ж. 16 ақпанындағы № 14 келісімшарт «Орталық Қазақстанның аридтік суға тапшы аудандарын сумен қамтамасыз етудің альтернативтік жолы ретінде жерасты суы қорларын қолдан толықтырудың (ЖСҚҚТ) ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Жапарханов Слямхан Жапарханұлы | 2 119 000 |
| 20 | 2010ж. 10 наурызындағы № 117 келісімшарт «Нарықтық экономиканың механизмдерін параметрлік реттеу теориясының негізінде тиімді мемлекеттік саясатты іске асыру және өндіру әдістерін дамыту» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Әшімов Әбдікаппар Әшімұлы | 140 000 000 |
| 21 | 2010ж. 10 наурызындағы № 118 келісімшарт «Көмірсутекті және таукен-металлургиялық секторларға және осымен байланысты басқа да салаларға арналған жаңа технологиялар» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Әділов Жексенбек Мәкейұлы | 391 272 000 |
| 22 | 2010ж. 24 шілдесіндегі №304 келісімшарт «Вольфрамның наноұнтақтарын алу мақсатымен вольфрамитті концкентратты құрғақ және сулы активтендіру технологиясы» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Даулетбаков Тимур Суанұлы | 2 600 000 |
| 23 | 2010ж. 23 қыркүйегіндегі № 384 келісімшарт «Металкөміртекқұрайтын композиционды материалдар алу үрдісін мен өндірісін жасау және іске асыру» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Тілеуғабылов Сүлейман Мұстафаұлы | 2 450 000 |
| 24 | 2010ж. 23 қыркүйегіндегі №385 келісімшарт «Табиғи және техногенді шикізаттан алтынды алу технологиясын геология және микро- және наноминералогиялық зерттеу» | ҚР БжҒМ Ғылым комитеті | Байбатша Әділхан Бекділдаұлы | 4 490 000 |
| 25 | 2009ж. 8 қаңтарындағы № 18 келісімшарт "Жер асты суларына мемлекеттік бақылау жүргізу мен іздеп барлау жұмыстары бағытында Қазақстан Республикасының 1: 500 000 масштабындағы гидрогеологиялық картасымен 1: 200 000 масштабындағы кесінділерін жасау" | ҚР ИжЖТМ | Калитов Дулат Қажкенұлы | 8 934 000 |
| 26 | 2010ж. 7 маусымындағы №52 келісімшарт "ОҚО Қарашық-2 жер асты сулары қорларын қайта бағалау мақсатында жеке барлау жұмыстарын жүргізу" | ҚР ИжЖТМ | Калитов Дулат Қажкенұлы | 23 927 000 |
| 27 | 2010ж. 27 мамырындағы №44 келісімшарт "Минералды шикізаттар қорларын, жер қойнауындағы байлықтарды, жер асты суларын және қауіпті геологиялық үрдістерді бақылау" | ҚР ИжЖТМ | Калитов Дулат Қажкенұлы | 15 000 000 |
| 28 | 2010ж. 7 маусымындағы №57 келісімшарт "100 өздігінен ағылып-төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды зерттеу" | ҚР ИжЖТМ | Калитов Дулат Қажкенұлы | 2 128 000 |
| 29 | 2010ж. 27 маусымындағы №63 келісімшарт "Маңғыстау облысында құрлықта орналасқан 2000 мұнай ұңғымаларын тексеру" | ҚР ИжЖТМ | Калитов Дулат Қажкенұлы | 30 188 150 |
| 30 | 2010ж. 30 маусымындағы № 64 келісімшарт "Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында құрлықта орналасқан 1300 мұнай ұңғымаларын тексеру" | ҚР ИжЖТМ | Калитов Дулат Қажкенұлы | 20 682 000 |
| 31 | 2009ж. 22 қыркүйегіндегі № 22-1 келісімшарт "Түсті металлургия кәсіпорындарындағы кен байытудың ағымсыз технологиясын құрудың ғылыми - техникалық принциптерін өңдеу" | «Ғылым қоры» АҚ | Мырзахметов Меңлібай Мырзахметұлы | 4 574 130 |
| 32 | 2009ж. 22 қыркүйегіндегі № 22-2 келісімшарт "Сумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен шағын гидроэлектростанция жұмысының тиімділігін жоғарылату" | «Ғылым қоры» АҚ | Қасымбеков Жүзбай Қасымбекұлы | 3 963 200 |
| 33 | № 10.828.10 "Логистикалық жүйелердің қызмет атқару механизмдерін зерттеу” | "Агрохолдинг Оңтүстік" ЖШС | Құлжабай Насанбадрядден Мүбаракұлы | 500 000 |
| 34 | № 11.829.10 ««Өзен-Атырау» аумағындағы «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнайқұбырындағы трубаның ішкі коррозиясының үрдістерін зерттеу» | "ҚазТрансОйл" ҒТО АҚ | Абдуллин Хабибулла Абдуллаевич | 2 105 600 |
| 35 | № 11.830.10 "«Құлсары-Тенгиз» таратқышындағы коррозия үрдістерін зерттеу" | "ҚазТрансОйл" ҒТО АҚ | Ермолаев Виктор Николаевич | 1 512 000 |
| 36 | № 6.831.10 " ITmk3 зауытының техникалық жобалары бөлімдерін жасау: сумен қамтамасыздандыру желілерін автоматтандыру, жылумен қамтамасыз ету, су бұрғыш; АСКУЭ; АСУ өнеркәсібімен" | «VerBulak» ЖШС | Ибраев Ахмет Хакимұлы | 4 800 000 |
| 37 | № 6.832.10 "Көзбе-көз модульдерді және жеті сұйықтық параметрлерді (ағым, шығын, қысым, температура) бақылауды жасау және ендіру" | «MAIER SERVICES» ЖШС | Сүлейменов Батырбек Айтпайұлы | 2 100 000 |
| 38 | 2009ж. 30 желтоқсанындағы № 755 келісімшарт "Оңтүстік Қарамұрын кенорнының күрделі жағдайында геотехникалық ұңғымаларды салу кезінде жуылатын ерітінділердің қолдану технологиясын жетілдіру" | "Волковгеоло-гия" АҚ | Қасенов Алмабек Қасенұлы | 1 000 000 |
| 39 | №362 от 18 мая 2010г. "Шу-Сарысу аймағының тіректі участкесіндегі геолого-геофизикалық материалдарды талдау негізінде борпылдақ жерлерден уранды іздестірудің жаңа белгілерін және инфильтрациялық кенорындарын іздеудің белгілерін табу" | "Волковгеоло-гия" АҚ | Өмірсеріков Мұрат Шукейұлы | 5 000 000 |
| 40 | №24-05 от 26 мая 2010г. "Родниковое кенорнындағы баланстан тыс қорғасын рудаларының байыту гравитациясын зерттеу" | "Ер - Тай" ЖШС | Телков Шамиль Абдуллаевич | 1 000 000 |
| 41 | №401 от 2 июня 2010г. "Күрделі геологиялық жағдайларда зерттелген және құрылған технологиялық ұңғымаларды салу үшін бұрғылау технологиясын жасау және ендіру" | "Волковгеоло-гия" АҚ " | Қасенов Алмабек Қасенұлы | 3 000 000 |
| 42 | №6.837.10 ""Горнорудная компания" ЖШС таукен өңдейтін өнеркәсібінің АСУ ТП автоматтандыру жүйелеріне техникалық аудит жасау"" | «VerBulak» ЖШС | ИИбраев Ахмет Хакимұлы | 500 000 |
| 43 | №4.838.10 "Керегетас кенорнындағы темірмарганец рудаларын байытуға зерттеу жүргізу және оны өңдеу технологиясын жасау" | "Арман" ЖШС | Телков Шамиль Абдуллаевич | 1 000 000 |
| 44 | №6.839.10 " WinProladder V2.39 араласқан түйінін бағдарламамен қамтамасыз етуді жөндеу" | «VerBulak» ЖШС | Мұханов Бақыт Қасқабайұлы | 800 000 |
| 45 | 2010ж. 11 мамырындағы №002 келісімшарт 144747-ТЕМPUS-2008-FR-JPCR | Пъер Мендес Франс атындағы университет (Франция) | Ысқақов Бейсембай Мамайұлы | 2 260 000 |
| Барлығы 45 жоба | 718 748 080 | |||
Университеттің инновациялық қызметі
Университетте инновациялық қызметті белсенді түрде дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің басты мақсатының бірі университет ғалымдарының жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша инновациялық жобаларын жүзеге асыруларына септігін тигізу. Қазіргі кезде университеттің дерекқорында зерттеудің әртүрлі кезеңінде жүрген 168 жоба бар. Бұдан басқа ҚазҰТУ ғылыми көрмелерге де қатысады. Тек 2010 жылы біздің ғалымдарымыз Астана, Алматы, Талдықорған қалаларында ғылыми жетістіктер бойынша өткен 6 көрмеге қатысты.
Осы жылдың сәуір айында өткен «Алматы қаласының 1-ші инновациялық конвентінде» біздің ғалымдарымызға қала әкімі А.С.Есімов естелік куәліктерін тапсырды. Мамыр айында «Қазақстан Республикасының бірінші президентінің қорында» өткен «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» атты көрмесінде «Станок жасау, материалтану және машина өндірісінің технологиясы» кафедрасының оқытушылары Е.В.Чумаков және З.А.Жансеркеева қатты денелердің ұзақ және қысқа мерзімдік механикалық қасиеттерін зерттейтін әмбебап қондырғы ұсынғаны үшін 100 мың теңге көлемінде сыйлық ұтып алды.
2010ж. 15 мамыр, «Қазақстан Республикасының Бірінші президентінің қоры», «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» атты көрмесі.
2010ж. 15 сәуір, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Алматы қаласының 1-ші инновациялық конвенті» атты көрмесі.
Интеллектік меншікті құру реті
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде интеллектік меншікті дайындаудың белгілібір тәртібі мына төмендегідей түрде қалыптасқан:
- Университеттің барлық кафедраларында, олардың саны 60-тан аса, ғылыми жұмыстар жүргізіледі, ереже бойынша ол бір жаңа техникалық шешімнің пайда болуымен аяқталады, одан кейін талқыланып, институттың ғылыми кеңесіне және патенттеуге ұсыныс алуға тапсырылады;
- Одан кейін жаңа техникалық шешімнің авторы ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректорға қызметтік өнертабысқа сұраным дайындауға мінездеме береді;
- Содан кейін өнертабыс авторы патенттеушімен бірге сұранымды дайындауға кіріседі:
- өнертабыс нысанын және оның патенттік аймағын анықтау;
- халықаралық электрондық жіктеуші (Ресейден алынған) бойынша өнертабыс класы анықталады;
- университеттегі (Қазақстанның патенттері және Ресейдің өнеркәсіп меншігі Федеральды институтының патенттері бойынша мәліметтер қоры) мәліметтер қоры бойынша өнертабыс класына патенттік ізденіс жасалады;
- қалған елдер бойынша патенттік ізденісті автор Республикалық патенттік қорда жүзеге асырады;
- егер жаңа техникалық шешімнің техникалық деңгейі Қазақстан Республикасының патенттік заңының 6 бабының 1-тармағына сәйкес жаңалықтың өлшеміне сәйкес келсе, онда өнертабысқа сұраным дайындалады;
- өнертабыс қызметтік болғанына байланысты, сұранымды дайындаумен қатар, патентті иеленуші мен қызметтік өнертабыс авторлары арасында, өнертабыс жүзеге асқан жағдайда табысты бөлу туралы Қазақстан Республикасының патенттік заңының 10 бабының 2-тармағына сәйкес келісімшарт дайындалады;
- әзірленген сұраныс өтінішпен және сараптаманы өткізу үшін төленген төлеммен бірге инновациондық патент алуға Ұлттық интеллектік меншік институтына жіберіледі;
- «инновациялық патентті беру қорытынды» туралы нәтижені алғаннан кейін 35 баптың 17-тармағына сәйкес инновациялық патентті алу, автордың куәлігін, басылымдар шығару туралы мәліметтер мен мемлекеттік баж салығы құжаттарын дайындау үшін төлем төленеді;
- қорғау құжатын алған соң, университет патентті иеленуші ретінде патентті қолдау тиімділігі туралы мәселені қарастырады.










