Әділов Жексенбек Мәкейұлы

Ректор
экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, Туссон қаласының (АҚШ, Аризона штаты) құрметті азаматы

1949 жылы дүниеге келген. 1972 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының инженер-құрылысшы  мамандығын үздік бітірген.
Мәскеудегі Құрылыс-инженерлік институтының аспирантурасын бітірген соң, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында ассистенттен бастап, профессор қызметіне дейін жұмыс жасаған. Академияда 1986-1990  жж. аралығында құрылыс факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Жаңа бағыттағы Бизнес пен технологиялық дайындықты қоса меңгеретін мамандарды дайындауды ұйымдастырып, нәтижесінде жаңадан ашылған "Құрылыстағы менеджмент және бизнес" факультетін басқарды (1990-2000).  
     2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігіне қарасты Әлемдік банк жобасы бойынша ұлттық кеңесші болып, әрі ҚР Президенті жанындағы мемелекеттік қызмет Академиясында курс жетекшісі болып қызмет атқарды.
     2001 жылдың ақпанынан бастап ҚР-ның білім және ғылым министрлігінің білім беруді мемлекеттік тексеру және ақпараттандыру департаментінің директоры болып істеді. 2004 жылдың ақпанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің ректоры.
      Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен, 2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
      70-тен аса ғылыми-әдістемелік еңбектердің, соның ішінде, экономика және құрылысты ұйымдастыру , тұрақты дамуды басқару мәселелері бойынша 7 монография, 5 оқу құралының авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен 4 экономика ғылымдарының кандидаты дайындалды.  Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және Қытай (Гонконг) мемелекеттерінде  біліктілігін жоғарылатты.
     «Құрмет» орденімен, 3 мүшелтой медалдарының  иегері, «Республикадағы білім саласындағы  құрметті қызметкері» кеуде белігісімен, «Қазақстан Республикасының егемендігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.