Білдек жасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы

     Кафедра 1977 жылы сәуір айында құрылған. 1998 жылы «Машиналар және металды қысыммен өңдеу технологиясы» кафедрасы мен «Білдек жасау және автоматтандыру» кафедрасы «Білдек жасау және машина жасау өндірісінің технологиясы» кафедрасына бірікті. Кафедрада 2000 жылы «Автоматтық жобалау жүйелері» деген тағы бір жаңа мамандық ашылды. Бірінші жинақ- 56 адамнан тұратын үш топ студенттерінен тұрды. 2002 жылы кафедра құрамына «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» кафедрасының ұжымы кірді. Қазіргі уақытта кафедраның аты «Білдек жасау, материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы» деп аталады. 1990-1998 жж және 2004жылдан 2011 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Сыздықбеков Нұртай Тұрсынұлы басқарды. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Сейткулов Абдумәлік Рахымұлы басқарады.

                   Біздің мекен-жай:

050013 Алматы қ. Сәтбаев көшесі 22. Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті. Өнеркәсіптік инженерия институты, «Білдек жасау материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы» кафедрасы. МЖҒ 205 каб.
    Телефон: 8 (727) 257-71-68, E-mail: smitmp@ntu.kz

Болашақ