Инфрақұрылымды дамыту бойынша департаменті

Қалыбаев Сағынбек Жәбілұлы
Инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі департамент директоры
Телефон: 8 (727) 257-70-40
1951 ж. туды. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді, инженер-құрылысшы.
Еңбек жолын 1968 ж. бастады. Ақсеңгір ауылында жұмысшы, техникалық бақылау қызметкері, ҚазПТИ-дің проблемалық зертханасында зертханашы, ВАСХНИЛ-дің АҚБ, «Алматы ауыр құрылыс тресінде» бетон құюшы, мастер, прораб болды.
1984-1997жж. Алматы қалалық атқару комитетінің Бас сәулет жобалау басқармасында коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы, аудандық әкімшілікте аппарат жетекшісі, алқа хатшысы.
1997-2008жж. Шаруашылық басқармасының жоспарлау- пайдалануға беру бөлімінде жауапты қызметте–ғимараттарды пайдалануға беру қызметінің бастығы болды.
2008 жылдан ҚазҰТУ-дың инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі департамент директоры.
Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент директоры:
- жөндеу және күрделі құрылыс бөлімі;
- байланыс және күзет-өрт белгісін беру қызметін көрсету бөлімі;
- ғимараттарды пайдалануға беру бөлімі;
- бас энергетик бөлімі;
- бас механик бөлімі;
- автокөлік бөлімі;
- оқу-өндірістік цехы бөлімі
қызмет жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды және бақылайды.










