Ғылыми кеңес

    Университеттің ғылыми кеңесі – сайланатын ұжымдық орган. Ғылыми кеңестің басқару мерзімі -2 жыл. Ғылыми кеңестің құрамына: ректор, проректорлар, департамент және институт директорлары, және де қоғамдық ұйымдардың басшылары кіреді. Ғылыми кеңестің негізгі құрамы құрылымдық бөлімшелердің мәжілісінде құпия немесе ашық дауысқа салу арқылы сайланады. Ғылыми кеңесті университет ректоры басқарады. Ғылыми кеңестің дербес құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі. 
    Ғылыми кеңесті міндетіне оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырудағы барлық мәселелер, университеттің жылдық және даму жоспарын қарастыру, экономикалық негізгі мәселелерді шешу және әлеуметтік дамуын, қаржы –экономикалық жетістіктерін анықтайды ж. т.б.
    Ғылыми кеңестің барлық шешімдері ректордың бұйрығымен бекітілгенен кейін күшіне енеді.
Ғылыми кеңестің мәжілісі екі айда бір рет бекітілген жоспарға сай өткізіледі. Жоспар бойынша жұмыстың ұсыныстары құрылымдық бөлімшелердің техникалық хатшысына ұсынылып, содан кейін алдын-ала құрылымдармен және проректорлармен талданады. Ғылыми кеңесте қарастырылатын мәселелерді дайындау үшін ғылыми кеңестің төрағасы жауапты тұлғаны тағайындайды. Комиссия мәселелерді талқылауға, жоба шешімдерін анықтама дайындайды. Мәжілістерге материалдарды уақытында және сапалы дайындау жауапкершілігі Ғылыми кеңестің басты ғылыми хатшысына жүктеледі.Университеттің басты ғылыми хатшысы Шукаев Дулат Нұрмашұлы.

 Шукаев Дулат Нұрмашұлы
Техника ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттану Академиясының академигі.
      Телефон: (727) 257-70-17
      е-mail: dshuk@ntu.kz

    1943 жылы 8 қаңтарда  Талдықорған облысы Қапал ауылында соғыста қаза тапқан Қызыл Армия офицерінің отбасында туылды.   Қостанай қаласындағы қазақ орта мектеп-интернатында оқыды. 1960-1961 жылдары Ленинград қаласында бұрғылаушы болып жұмыс істеді. 1966 жылы Ленинград политехникалық институтында физика-математика факультетінде автоматтандыру жүйесін басқару мамандығы бойынша бітірді. 1966-1971 жылдары кәсіпорында және тау кен өндірісінде жұмыс істеді. 1971 жылы инженер, аға оқытушы (1972), доцент (1980), профессор (1994), кафедра меңгерушісі (1995) ҚазҰТУ оқу-әдістеме жұмысы бойынша проректор (2000-2001). 1981-1991 жылдары МВиССО СССР автоматтандыру жүйесін басқару бойынша  Ғылыми-әдістемелік кеңеснің мүшесі. 1995 жылы ҚР ЖАК математика және информитика бойынша сараптау кеңесінің төрағасының орынбасары. 1996 жылы ҚР ҰҒА физика  математика ғылымының бөліміне мүше болып сайланды. 1998 жылы Д14.13.03 ЖАК ҚР диссертациялық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Д.Н.Шукаевтың 142 еңбегі, оның ішінде оқулық және оқу құралы, оның жетекшілігімен кандидаттық және докторлық диссертициялар қорғалды. Ол авторлық ұжымның жетекшісі, Госстандарт жоғары кәсіптік білімде 3702 мамандығы бойынша (автоматтандыру жүйесі ақпараттарды өңдеу және басқару), 1501 (ақпараттанудың компьютерлік жүйесі), 370140 (компьютерлік жүйедегі ақпараттық өңделуі және басқару), 091340 және 050703 (ақпараттану жүйесі) және магистратура бағыты бойынша 551550 № 0703 (ақпараттану жүйесі). 1984 жылы ғылыми жетістіктері және педогогикалық қайраткер Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің мақтау қағазымен марапатталған, сонымен қатар 2003 жылы – «Саңылақ автор» медальімен және ҚР білім бердің үздік жұмысшысы  белгісімен марапатталған.