Ақпараттық технологиялар
- Кафедра меңгерушісі
- Кафедра құрамы
- Кафедраның мамандықтары
- Техникалық кибернетика кафедрасының түлектері
- Кафедраның халықаралық байланыстары
- Кафедраның ұжымы
- Кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмысы
- Тәрбиелік жұмыс
- Байланысу ақпараты

Техникалық кибернетика кафедрасы Ақпараттық технологиялар институтының “Ақпараттық жүйелер” және “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандықтары бойынша мамандандырылған кафедра болып табылады.
Кафедра 1971 жылы құрылды, оның алғашқы құрамын Мәскеу және Ленинградтың жоғары оқу орындарының түлектері мен аспиранттар құрған болатын. Алғашқы кафедра меңгерушісі болып жас ғалым, қазір ҚР ҒА академигі, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, т.ғ.д., профессор Ә.Әшімов тағайындалды. Алғашқы кезеңде кафедра автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) және электронды-есептеу машиналары (ЭЕМ) мамандықтары бойынша мамандар дайындады. Өзінің жастығына қарамастан қысқа мерзімде кафедра ұжымы институттың көшбасшысы бола алды. Осыған айғақ ретінде, 1971-1977 жылдары аталмыш мамандықтар бойынша студенттерді бірінші курсқа қабылдау 8 есе көбейді, сонымен қатар іштей және сырттай оқу түрлері 200 адамды құрады. Аспиранттардың саны және қызметкерлердің ғылыми дәрежеге жету пайызы бойынша кафедра институтта алғашқы қатарға шықты.

1982 ж. кафедра құрамы, оның ішінде келешек профессорлар: Ниеталин Ж., Шукаев Д. (1 қатар), Хисаров Б., Сагынгалиев К., Шуакаев М., Кулжабай Н., (2 қатар), Джапаров Б., Асаубаев К. (3 қатарда).
1988 жылдан бастап кафедра кең ауқымды “Ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері” мамандығы бойынша мамандар дайындауға көшті. 1999 жылдан бастап кафедра “ Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері ” және “Ақпараттық жүйелер” мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды. 2004 жылдан бастап “Есептеу техникасы және программалық қамтама” және “Ақпараттық жүйелер” мамандықтары бойынша бакалаврлар мен магистрларды дайындай бастады, ал 2009 жылдан бастап осы мамандықтар бойынша PhD докторларын дайындай бастады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарында да кафедра елеулі табыстарға жетті. Ә.Әшімовтың жетекшілігімен техникалық кибернетика және ақпараттану, автоматты және автоматтандырылған басқару жүйелерінің әдістерінің және моделдерінің теориялық негіздерін қалыптастырудың ғылыми мектебі дамыды. Кафедра қызметкерлері Өскемен қорғасын комбинатында, Шымкент мыс зауытында, Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатында, Актюбрентгенде, Актөбесельмашта және де республиканың басқа да ірі объектілеріндегі басқарудың автоматтандырылған жүйелерін іске қосуға қатысты. Кафедраның негізінде автоматты басқару бойынша КСРО Ұлттық комитеттің қазақ аймақтық тобы құрылды (IFAC). Кафедра ұжымының ұйымдастыруымен 26 халықаралық және бүкілодақтық ғылыми конференция өткізіліп, 25-тен астам монография және 20-дан астам ғылыми еңбек жинақтары жарық көрді. Қазіргі уақытта кафедра космостық технологиялар саласындағы түпкілікті зерттеу бағдарламасы бойынша, ақпараттанудың экономикалық үрдістерінің және т.б. гранттардың иегері.
Кафедра ғылыми зиялы қауымды даярлауда көптеген табыстарға жетті. Әшімов А.А., Асаубаев Қ.Ш., Жапаров Б.А., Қазиев Ғ.З. Ниеталин Ж.Н., Сағынғалиев К.С., Тукеев У.А., Шоқаев Д.Н. доценттер Жарболов Ш.И. Медетов М.М. және т.б. жетекшілігімен 22 докторлық және 100-ден астам кандидаттық диссертация қорғалды.
Қазіргі кезде кафедрада докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істейді және оның төрағасы - кафедра меңгерушісі Д.Н.Шукаев болып табылады.
Техника ғылымының докторларын және кандидаттарын дайындау мына мамандықтар бойынша жүргізіледі:
- 05.13.01 - Жүйелік талдау, басқару және ақпаратты өңдеу;
- 05.13.06 - Технологиялық процесстер мен өндірістерді автоматтандыру және басқару;
- 05.13.10 - Әлеуметтік және экономикалық жүйелерді басқару.
Кафедра басқарушы ғылыми-педагогикалық мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосуда. Аталмыш кафедрадан көптеген жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың басшылары шыққан. Олардың ішінде - Әшімов Ә.Ә. 1976-1985 жылдары КазПТИ-ді басқарды, кейіннен ҚР ҰҒА-ның ақпараттану және басқару мәселелері институтын басқарды, ЖОО-ң проректорлары Асаубаев Қ.Ш., Жапаров Б.А., Оразбаев Б.О., Шоқаев Д.Н. және т.б.










