Аккредитациялау және рейтинг
Білім саласындағы аккредитациялау мамандарды даярлау кезінде білім бағдарламаларының сапасын тану және растау үшін қолданылады. Аккредитациялауды арнайы акредитациялау органдары жүзеге асырады, олар аккредитацияланатын ұйымдарға білім мекемесінің сәйкес келуі тиіс аккредитациялау бағаларының сапалық және талап қоюшылық өлшемдерін береді. Аккредитациялық бағалауды жүзеге асыру үшін агенттіктердің өздері ассоциация органдарында аккредитациялануы тиіс, бұл оларға білім мекемелерінде аккредитациялық сараптама жүргізуге құқық береді.
Аккредитациялаудың 2 түрі бар:
- білім бағдарламаларын яғни мамандықтарды аккредитациялау;
- институттық аккредитациялау.
Қазіргі кезде халықаралық агенттіктердегі білім бағдарламаларын және институттарды аккредитациялаудың қажеттілігі Қазақстан ЖОО-ның халықаралық кәсіби қоғамдар белгілеген сапа стандарттарына сәйкес келуіне негізделген. Бұл мамандарды даярлау сапасын еңбек рыногы талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.
ҚазҰТУ Халықаралық аккредитациялау бағадарламасын жүзеге асыруда. Бүгінгі күні техника мен технологиялар бағытында 21 мамандық аккредитацияланды. Университет АВЕТ (АҚШ), ASIIN (Алмания), агенттіктерімен, Ресейдің Жоғары инженерлік білім ассоциациясы аккредитациялау орталығымен ынтымақтастық жүргізеді. Институттық аккредитациялау ҚР БҒМ ұлттық аккредитациялау орталығында, ал Халықаралық деңгейде Еуропа Университеттер Қауымдастығында институционалдық бағалаудан табысты өтті (EUA - www.eua.be).










