Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру халықаралық институты “EXCELLENCE POLYTECH”

     “Excellence PolyTech” ХЖООКБИ миссиясы: ҚР экономикасы мен индустриясының халықаралық аймақтағы және Қазақстан Республикасы халқының жағдайын жақсартудағы бәсекелестік қарсыласу қабілетін арттыруға ықпал ету.

     Мақсаты:

  • Ірі білім және зерттеу орталығының халықаралық кеңістікте интеллектуалды және технологиялық тәуелділіктен тыс индустриялық салада жоғары білікті кадрлар даярлауда қалыптасуы мен дамуы.

     Функциялары

  • Халықаралық ортада түлектердің кәсіби қызметінің жүйелі қалыптасуы және жоғары білікті кадрлар даярлауда тиімді басқару және үйлестіруді қамтамасыз ету.

     Күтілетін нәтижелер

  • Қазақстан Республикасының индустриялды саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрлар даярлауда Қазақстан Республикасының талаптарын қанағаттандыру.

Халықаралық білім бағдарламасы

     «Қос дипломды білім» халықаралық бағдарламасы үкіметаралық келісімге сәйкес Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті аймағында, Қазақстан және Франция арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Декларация, сондай-ақ АҚШ, Франция, Италия, Германия, Ресей Федерациясының озық шетелдік ЖОО-дарымен меморандумдарға сәйкес 39 магистратура және 20 PhD докторантура бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

     Қазір ҚазҰТУ-дың магистранттары, докторанттары және ПОҚ барлық мамандықтар және бағыттар бойынша жаңа әріптестермен (142 университет) бірлескен білім бағдарламаларын орындау және біліктілігін жоғарлату, сынақ ісінен өтуде жоғары таңдауға ие.

     «Excellence PolyTech» ХЖООКБИ қаржылық қолдау көрсету мақсатында сынақ ісіне, оқуға гранттар және стипендиялар беретін DAAD, DFG, Темпус, Эразмус-Мундус. Халықаралық ұйымдарымен тұрақты қатынас орнатуда. Магистранттар Халықаралық ұйымдар (Германияда сынақ ісінен өтуді қаржыландырғаны туралы DAAD сертификаты) мен «Шеврон» стипендиясына ие болды.

     ҚазҰТУ жеңіп алған «Темпус» үш жобасы аймағында «Энергетика және Электротехника» (АжТИ, электроэнергетика және технологиялық комплекстерді автоматтандыру кафедрасы), «Chemical Engeneering» (МжГИ, мұнай, газ және полимерлерді өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасы), сондай-ақ «Су ресурстары менеджменті» (ГБИ, гидрогеология және инженерлік геология кафедрасы, «Excellence PolyTech» ХЖООКБИ)мамандықтары бойынша магистранттардың оқуына бюджет жобалануда.

     2010 жылғы 1 қаңтардан университетте Қытай және Египет елінен 12 шетелдік магистрант, 2 докторант білім алуда.

     Докторанттар мен магистранттар “UPP Universities” Chevron Университтер серіктестігі бағдарламасына кіретін 15 шетелдік университетте оқуын жалғастыра отырып қос диплом алуына мүмкіндігі бар.

     Қазақстан Республикасында гео-энергетика саласында ғылыми-білім орталығын құру бойынша Қазақстан-Франция әріптестігі туралы Меморандум және 21.05.2008 жылғы Нанси-Университеті (Франция) және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ арасындағы әріптестік туралы Келісімге сәйкес университетте «Қос дипломды білім» бағдарламасы жұмысын жалғастыруға.

     2009/10 оқу жылында университеттің алты түлегі Нанси-Университетіне (Франция) 0каз+2фран (Нанси 2 жыл) формуласы бойынша, бір магистрант Нанси-Университетіне (Франция) 6М070800-Мұнай ісі 1каз+1фр (бірінші жылы ҚазҰТУ және екінші жылы Нанси) формуласы бойынша, алты түлек, 6М070800-Мұнай ісі, 6М070600 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау, 6М074700 – Геофизикалық әдістер және пайдалы қазба кенорындарын барлау 2каз + 0фр (2 жыл ҚазҰТУ) формуласы бойынша оқуға түсті.

     2009/10 оқу жылында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 1 магистрант Академиялық алмасудың Германдық қызметі гранты бойынша магистрлік диссертациячын орындау мақсатында Макс-Планк Институтында (Германия) ғылыми-зерттеу сынақ ісінен өтті.

     2009/10 оқу жылынды 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша екі докторант кешенді емтихан тапсырып және докторлық диссертация жұмысын Colorado School of Mines (АҚШ) университетте қорғап, тиісінше осы университеттің дипломын алды.

     Қазіргі уақытта 6D070800-«Мұнай ісі» мамандығы бойынша екі докторант Нанси-Университетінде докторлық диссертациясын тәмамдауда.

     ҚазҰТУ-дың барлық докторанттары (58 адам) халықаралық бағдарламалар аясында әлемнің жоғары көрсеткіші бар ЖОО-әріптестеріне ғылыми-зерттеу сынақ тан өтуге барады.

     2010/11 оқу жылында 1 магистрант «Машина жасау» мамандығы бойынша Регенсбурга Университетінде (Германия) оқиды.

Директор

Серікбай Дәулет Омарұлы

      Серікбай Дәулет Омарұлы – Индиана Университетінің және Оксфорд Университетінің (Блаватник атындағы Үкімет Мектебі) түлегі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иесі.

    Қ.И.Сатпаева атындағы ҚазҰТЗУ Халықаралық жоғары оқуыны кейінгі білім беру «Excellence PolyTech» институтының Директор қызметіне кіруіне дейін ҚБТУ Академиясының Ғылым және инновациялар секторының меңгерушісі, ҚБТУ Жас ғылымдар кеңесінің төрағасы, Oxford Policy Management Ltd Халықаралық консалтинг ұйымының ұлттық кеңесшісі, ҚР білім және ғылым Министірлігінің АҚ «Халықаралық бағдарлама орталығының» талдампазы, ҚР білім және ғылым Министірлігінің АҚ «Ақпараттық-талдау орталығының» жоғарғы білім саласындағы менеджменті басқармасының бастығы және GIZ GmbH Халықаралық ынтымақтастық Германдық қоғамының ұлттық үйлестірушісі болып қызмет атқарды.

    Әлем мәселелерін зерттейтін Стокгольм институтында (SIPRI), Джон Хопкинс Университетінде, Мэриленд университетінде, Оксфорд университетінің Saïd Business School, Ёнсе (Корея) университетінде біліктілікті арттырып сертификаттарына ие болды, сонымен қатар Сан-Паулу университутінің (Бразилия) Энергетика және қоршаған орта Институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.

    Қазақ, ағылшын, орыс, француз және неміс тілдерін біледі.

    

Болашақ