Қашықтықтан білім беру

     Қашықтықтан оқыту - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегiмен тұрғылықты жерінен немесе уақыттан тәуелсiз оқыту, үйренушi және қашықтықтағы оқытушының өзара байланысты қатынасы негiзінде жүзеге асырылатын бiлiм беретін үрдіс.
     Оқу үрдісін басқару жүйесi университеттiң меншiктi өңдеуi болып табылатын және Moodle жүйесiмен интегралданған ҚазҰТУ бiлiм беретiн порталы негiзiнде құрастырылған.
     ҚББИ барлық студенттеріне арналып серверден виртуалды "дербес кабинеттер" ашылған. Осы кабинеттер арқылы кез-келген уақытта оқытушының дәрістері мен әдістемелік оқулықтарын ашып қарау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар ұсынылған тапсырмаларды орындап, қайтадан жіберуге, жеке оқу жұмыс жоспарын алуға, өзінің оқу траекториясын құруға, анықтамалық мәліметтерді, on-line дәрiстері мен емтихандардың кестелерiн ала алады.
     Серверде интерактивті бiлiм беретiн сандық қорлар базасы, сонымен қатар оқытушылардың дәрiстерiнің бейне курстары бар.
     Вебинар мүмкiндiктері күндізгі оқитындардың мүмкіндігімен бірдей, көзбе-көз on-line арқылы оқытушымен қарым-қатынас бұл технологияны тiптi тартымды етері сөзсіз.

    2015 жылдың 14-15 мамыр аралығында «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» және ҚазМемҚызПУ «Жоғары білім беруді дамыту жағдайында әдістемелік қызметті жетілдіру» атты республикалық семинары өтті.

ҚББИ

    Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры академик Ж.М.Әділовтің креативті идеяларының негізінде, халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында, сонымен қатар дербес жағдайда қашықтықтан білім беруді дүниежүзілік деңгейде өрлету үшін 2015 жылдың 26 қаңтарынан GUIDE (Global Universities In Distance Education) Ассоциациясына мүше болып қабылданды.

ҚББИ