2012 жылғы 9-10 ақпанда ЭжБИ-дің «Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» кафедрасының студенттері Суанбекова Салтанат, Жолтаева Айбарша, Безбатченко Марина, Усольцева Надя және Ташибаева Әсел «Экономиканың индустриалды және инновациялық дамуы: тұрақтылық, өсім, әртараптандыру» тақырыбына өткізілген Қазақстан-Британ Техникалық университеті EFC студенттік ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған II Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысты.
ЭжБИ, ӨМжМ
15 ақпанда «Сәулет және дизайн» кафедрасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылады. Онда ҚР-дың экономикалық дамуы және материалдық қамтамасыз етілуі; Қазақстандағы білімнің сапасы мәселелері әңгіме етілді.
ҚжСИ
2012 жылдың 10 ақпанында Т.К.Бәсенов атындағы «Сәулет және құрылыс» институтының «Сәулет және дизайн» кафедрасында DOMUS академиясынан келген Damiano Antonazzoмен кездесу өтті. Оны «Education & travel corporation» орталығы мен «Сәулет және дизайн» кафедрасы бірге ұйымдастырды.
ҚжСИ
2012 жылы 17 –ақпанда ҚазҰТУ-да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың – «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауына орай «Қазақстан мемлекеттілігінің рухани-мәдени негіздері» атты ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.
ББИ
2012 жылдың 14-ақпанында Жерге орналастыру және кадастр мамандығының студенттерімен Т.К.Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты мен Қолданбалы геодезия және кадастр кафедрасы кездесу ұйымдастырды. Кездесу мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауын іске асыруды студенттермен талқыға салу.
ҚГжК
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері 22-ақпанда апелляциядан кейін анықталады.
Олимпиаданың 2-кезеңі бойынша 20-ақпанда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін университеттің Мұнай ғимаратының 408 бөлмесінде апелляцияға өтініштер қабылданады.
АМД
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының «XP production» командасын 1 курс орыс топтары арасында университеттің ТКК лигасы фестивалінде ІІ орын алуымен құттықтаймыз.
АжТТИ
Олимпиаданың 2-ші кезеңі 2012 жылдың 18 ақпанында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін университеттің Бас оқу ғимаратында өткізіледі. Олимпиаданың 2-ші кезеңіне қатысушыларды тіркеу сағат 9.30-да Бас оқу ғимаратының фойесінде (1-қабат) жүргізіледі.
АМД
Біздің университет Халықаралық TARGET II жобасының әріптесі саналады, ол студенттер мен оқытушыларға Еуропа экономикалық қоғамдастығы мақұлдаған кандидатуралардың конкурстық негізінде Еуропадағы 7 университеттің бірінде оқуға мүмкіндік береді.
Академиялық мәселелер департаменті
2012 жылғы 29-30 наурызда Экономика және бизнес институты Халықаралық «Қазақстан ұлттық экономикасының тұрақты дамуы: теориясы, тәжірибесі, болашағы» ғылыми- тәжірибелік конференциясын өткізеді
ЭжБИ
2012 жылғы 28 ақпанда Қазақстандағы Франция елшілігінің қолдауымен жұмыс істейтін Алматы қаласындағы Француз Альянсы - мәдени-білім орталығы студенттерге және ҚазҰТУ қызметкерлеріне өзінің таныстырылымын өткізеді.
ХЫД
2012 жылғы 28 ақпанда ТШО компаниясының жобалау және құрылыс өнімдері бөлімі түлектер арасында төмендегі мамандықтар бойынша тұсаукесер тестілеу өткізеді:
АМД
Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреже, педагогикалық және басшылық лауазымдағы еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл.
ӘД
Шәкіртақы тағайындау жөніндегі Республикалық конкурс жарияланды. Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының елшілігі, Қазақстан корейлерінің қауымдастығы және “КАХАК” ғылыми-техникалық қоғамының қолдауымен.
ТК