Кафедралар және орталықтар

2017 жылдың 15 ақпанында бас оқу ғимаратының 533 аудиториясында сағат 17:30-да Экономика және бизнес институтының эдвайзерлік сағаты өтті. Кеш қонақтары «Депозиттерді кепілдендіру Қоры» АҚ өкілі Ивановская Гибадат Сергейқызы мен ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл Даму» АҚ-ның кадастр, реестр және жылыжай газдарын инвентаризациялау департаментінің директоры Есеркепова Ирина Байтұрсынқызы болды. Кездесудің 1-бөлімінде депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық жүйесінің ұсынған мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу жалғасы жылыжай газдары мен климат өзгерісіне адамзаттың әсерін азайтудың қаржылық және экономикалық механизмдерін қалыптастыру мәселелері бойынша жаһандық сауалдар мен халықаралық ұсыныстарға арналды. Эдвайзерлік сағат шеңберінде студенттер өте қажетті әрі қызықты ақпараттарға қол жеткізді.

2017 жылдың 15-ақпанында, сәрсенбі куні сағат 17:15-те бас бас оқу ғимаратының 533-аудиториясында эдвайзерлік сағат шеңберінде Қор қызметін және банк депозиттерін кепілдендіру мәселелері бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ПОҚ, студенттері мен «Депозиттерді кепілдендіру Қоры» АҚ өкілі арасында кездесу өткізілетін болады. Осы кездесу аяқталысымен, эдвайзерлік сағат жылыжай газдары инвентаризациялау саласында Қазақстанның міндеттемелерін және климатын өзгертудің жаһандық бастамалары тақырыбында ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл Даму» АҚ-ның кадастр, реестр және жылыжай газдарын инвентаризациялау департаментінің директоры Ирина Есеркеповамен кездесу жалғасатын болады.

Сіздерді Экономика және Бизнес институтының директоры Салыкова Лейла Нұртілеуқызымен “Snack with the Dean” кездесуіне шақырамыз. Кездесу бейресми форматта осы жұма күні сағат 14:00-де 415 аудиторияда (ГУК) өтеді. Кездесу - өзіңіз қалаған кез келген сұрақты тікелей деканға қоюға мүмкіндік. Сабақтан бір сәт демалып, шай ішіп, ой алмасыңыз. Орындар саны шектеулі. Алдын ала жазылу міндетті. Ол үшін aizhan_alibek@mail.ru емайлына жазыңыз немесе 257-71-38 телефон нөміріне хабарласыңыз.

2017 жылдың 08 ақпанында сағат 17.30-да бас оқу ғимаратының 533 аудиториясында экономика және бизнес институтының студенттері мен Назарбаев Университетінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында академиялық бағдарламаларды коммерциялық дамыту бойынша басшы Ричард Каслберри Назарбаев Университетінің оқу бағдарламалары, университетке түсу шарттары мен ондағы оқыту артықшылықтарын ұсынды. Студенттер тұлғалық өсу мүмкіндіктері жөніндегі ақпараттарды, Назарбаев Университеті ұсынған бағдарламаларды, университеттің әлемдік оқу кеңістігіндегі беделі мен дайындық деңгейін жоғары қызығушылықпен, жігерлене қабылдады. Эдвайзерлік сағат щеңберінде одан ары қарай студенттер мен жас кәсіпкерлердің жаңа ұрпақтарының өкілі Нұрболат Құсмағұлов арасында кездесу өтті. Ол студенттерді интерактивті мастер-класс жанрында өзінің програмистер мектебінің құрылу тарихымен таныстырды. Кеш соңында студенттердің шабытқа толы жүздері көрінген кішігірім фотосессия өтті. Осы кеште өзін-өзі ұйымдастыру бойынша жөн-сілтеулерден барлығы позитивті жан-толғанысымен, толы ынтамен тарағандығын сенімділікпен айтуға болады.

    Жұма күні 2015 жылы 6 қарашада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) Президиум мәжілісі өтті. Іс-шара достық жағдайда сағат 15:30-нан 18:00-ге дейін Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ Мұнай корпусының Конференц-залында өтті.

ЭжБИ

    30 қаңтар 2015 сағат 10-00 - Мұнай корпусының конференц залында Экономика және бизнес институтының «Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» кафедрасы мен «Жобаларды басқару» кафедраларының ұйымдастыруы бойынша профессор Лисенков А.А. 70-жылдық мерей тойына арналған «Білім басқарудың қазіргі заманғы үдерістері мен механизмдері» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізіледі.

ЭжБИ

         Экономика және бизнес институтының «Қаржы және есеп» кафедрасының ЕжА-13-1к тобы 30.09.2014 жылы  324 ауд.  ашық эдвайзерлік сағат  эдвайзер аға оқытушы Касымова Ж.С.  жетекшілігімен өткізілді. Тақырыбы: «Шоқан- ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші».
Бұл іс шараға ТЖД қызметкері  Жаканова Сая Ырымгалыкызы және кафедра оқытушылары шақырылды.