Асыл металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту

     Кафедра «Металлургия және полиграфия» институтының құрамына кіреді. Кафедра бірінші рет «Тау-кен және металлургия» институтында 1939 жылы ашылған. 1963 жылға дейін «Асыл металдар металлургиясы» деп аталып келді. 1963 жылы «Пайдалы қазындыларды байыту» мамандығы ашылып, кафедра аты жоғарыдағыдай өзгерді.

     Кафедраның бірінші меңгерушісі техн. ғылым. канд., доцент Е.А.Маренков болды.  Ол аспапты талдау зертқанасын құрып «Асыл металдар металлургиясы» мамандығы бойынша студенттер оқытыла бастады.
     Кафедрада жоғары білімді оқу-педагогикалық ұжым құруға соғыс жылдары Мәскеудің «Тау-кен институты» мен «Түсті металдар және алтын» институтынан келген профессорлар– техн. ғылым. докторлары В.И.Трушлевич, Г.О.Ерчиковский және үлкен көмек көрсетті.
     1961 жылы «Тау-кен және металлургиялық институт» «Қазақ политехникалық институты» болып қайта құрылды. Осыған байланысты оқу жүктемесі, оқытушылар құрамы өсті.
     1941 жылдан 1977 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып техн. ғыл. докт., профессор Б.Н. Лебедев істеді.  Ол педагог және ғалым ретінде кафедраның өсуіне, педагогтар құрамын жетілдіруге үлкен үлес қосты. Осы жетістіктеріне және ғылыми зерттеу жүргізудегі табыстарына байланысты Ленин орденімен, Құрмет белгісі орденімен және медальдармен марапатталды.
     1966-68 ж. кафедра құрамы ғылыми-зерттеу институттерінен және өндіріс орындарынан келген жоғары білікті кадрлармен – техн. ғыл. кандидаттары В.И. Авдюков, И.Д.Раивич, Т.Д. Жакипов,        Б.И. Ревазашвили, К.Т. Көшербаев және басқалармен толықты.
     1968 жылы «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша инженерлердің бірінші тобы бітіріп шықты. 1993 жылдан бастап осы мамандық бойынша қазақ тобы құрылып, оқу қазақша жүре бастады.
     Кафедрада қазір 27 пәннен сабақ беріледі. Оларға тәжірибелері мол оқытушылар: профессорлар, т.ғ.к-ры В.И.Авдюков, Ж.У.Досумов,             К.Т. Кошербаев, доценттер т.ғ.к. М.Р. Шаутенов, Ю.Г. Сажин және         Телков Ш.А., аға оқытушылар Т.Н.Зайцева, Л.И. Безгинова, т.ғ.к.  Н.К. Жакатаева дәріс оқиды.
     Кафедраны В.П. Владимиров (1976-1994ж.), И.Д. Раивич (1994-2000ж) басқарды. 2000 жылдан бастап осы кафедраның түлегі техн. ғылым. канд., доцент М.Р. Шаутенов басқарады. 
     Кафедра 1942 жылы құрылған. Ол Қазақ ұлттық техникалық университетінің Металлургия және полиграфия институтының құрамына кіреді.
     Осы уақыт ішінде Қазақстанда және оның сыртында әртүрлі өндіріс орындарында табысты еңбек етіп жүрген 1500-ден астам жас мамандар даярлап шығарылды.
     2000 жылдан осы кафедраның түлегі техн. ғылым. канд., доцент М.Р. Шаутенов басқарады.
     “Пайдалы қазбаларды байыту” мамандығын бітірген бакалаврлар және магистрантттар төмендегі кәсіби қызметтерді атқара алады:

  • кен өңдеудің инженерлік-техникалық және ғылыми-зерттеу қызметі;
  • ҚР-ның кен байыту, металлургиялық, алтын және уран өндіру салаларында;
  • кеден, салық жүйелерінде, ішкі істер, қорғаныс және қауіпсіздік мекемелерінде, т.б.

     Кафедрада ғаламтор желісіне қосылған айрықша компьютерлермен, техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған дәрісханалар, сонымен бірге масс-спектральді талдау, инфрақызыл спектроскопиясы, дифференциалды-термиялық және басқа түрлі талдаулар жасауға арналған жаңаша құралдармен жасақталған зертханалар бар.
     Ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында қызмет істейтін инженер –байытушы өзінің таңдауына және бейімділігіне қарай, сүйіп істейтін жұмыс таба алады.
     Кафедра 500 м2-ден жоғары ауданда орналасқан. Кафедрада жаңа байыту аппараттарымен жабдықталған 10 зертхана лаборатория, ЭВМ класы және оқулық шеберхана жұмыс істейді. 
     Кафедрада жоғарғы дәрежелі оқытушылар дәріс береді: 3 профессор, 3 доцент, 3 аға оқытушы, 2 оқытушы бар.

Кафедра бүгін
     Кафедра оқытушылары күшімен 6 пән бойынша қазақ тілінде оқулықтар жазылған Проф. К.Т. Көшербаев- «Кен байыту негіздері», «Флотациялық байыту әдістері», т.ғ.к, доцент Шаутенов М.Р–«Сусыздандыру және шаңұстау»проф. Ж.У. Досымов- «Флотациялық реагенттер», «Кенді ұсату және ұнтақтау», К.Т. Кошербаев бірнеше терминологиялық анықтамалықтың  авторы.
     Кафедраның ҚР Білім және ғылым Министірлігіне қарайтын “Жер туралы ғалымдар металлургия және байыту орталығында”, “Казмеханобр” институтында және “КазАтомПром” ұлттық атом компаниясына қарайтын “Жоғарғы технологиялар” институтында  орналасқан үш бөлімшесі (филиалы) бар.
     Кен-металлургия мамандықтарының ішінде кең ауқымды білім тек қана байытушы-инженерлерге тән. Ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында қызмет істейтін инженер –байытушы өзінің таңдамына және бейімділігіне қарай, бар ықыласымен істейтін жұмысқа орналаса алады.

Мекен-жайымыз:
     Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22 ҚазҰТУ.

 

Болашақ