Оставить поздравления Университету

Нас поздравили:

Ф.И.О.:
E-MAIL:
СООБЩЕНИЕ:
Поздравляем с 80-летием образование университета, желаю всем крепкого здоровья, успехов в подготовке кадров
Выпускник 1992 г. К. Г-М. Н Жаксымуратов Караматдин (Нукус)
Еліміздегі іргелі оқу орны Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіміздің қабырғасы қаланғанына 80 жыл толу мерейтойымен барлық Қазақстандықтарды, оның ішінде осы университет қабырғасындағы қызмет атқаратын барлық қауымды және студенттерді шын жүректен құттықтаймын!
80 жылдық тарихы бар университетіміз қазіргі уақытқа дейін өндірістің, экономиканың дамуына үлес қосатын білікті кадрлар дайындап еліміздің дамуына зор ықпалын тигізуде. Қазіргі таңда да білім ордасы жоғары білікті мамандарды дайындап еліміздің индустриалды инновациялық дамуына зор үлесін қосатынына кәміл сенемін.
Құттыбаев Айдар Ермекқалиұлы
Таң алдында мені оятты періштем,
*Неге оятты*, деп ойладым мен іштен.
Табиғаттың тылсымына жетер ме ой,
Сөйтсем біздің *Политехтың* ТУҒАН КҮНІ екен гой!!!

Құрметті ұстаздар, студент достар! Техникалық мамандар дайындаудан әрқашан алда келіп, мемлекетеміздің өсіп - өркендеуіне зор үлесін қосып келген университетіміздің 80 жылдық төл мерекесі құтты болсын!!! Ұлағатты ұстаздарымыздың арқасында саналы да ойлы жас техникалық мамандар өсіп келеді. Осы біздер, жас мамандар еліміз үшін еңбек етіп, халқымыздың жағдайын жақсартып, Қазақстан үшін ерінбей терлерін төгіп, университетіміздің атағын асқақтататын жас Сәтбаевтар көбейе берсін!!!
Мейржанұлы Рахым
Уважаемый Жексенбек Макеевич ! От всей души поздравдяем ВАС, весь профессорско-преподовательский состав и студентов со знаменательной датой -80 летним юбилеем!
Сегодня КАЗНТУ имени К.И.Сатпаева флагман среди ВУЗов НЕЗАВИСИМОГО КАЗАХСТАНА!
Желаем ВАМ творческих успехов в подготовке востребованных студентов которые озвучены в стратегическом документе Главы государства "Стратегия Казахстана -2050". Будьте всегда на высоте! КАЗНТУ- гордость страны.Мы рады что нынче моя дочь стала обладательницей образовательного гранта КАЗНТУ по специальности -металлургия.Наш регион- Рудный Алтай богат полиметаллами. Сегодня Ваши выпускники успешно трудятся на заводах и фабриках ВКО.Желаем новизны и успехов в подготовке профессиональных кадров.
С уважением БАЗАРБАЕВ ТУРСЫНХАН КАЛИКАНОВИЧ.Восточно-Казахстанская область. Катон-Карагайский район. село Улкен Нарын
Базарбаев Турсынхан Каликанович
Еліміздің мақтанышы, менің мақтанышым - ҚазҰТУ-ды 80-жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Қазақстанның техникалық білімінің көшбасшысы 80 жылда еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан 120 000-нан астам білікті мамандарды қанаттандырды.
Бүгінгі күнгі абыройы асқақ, даңқты ПОЛИТЕХті қалыптастырған ғылым үздіктері мен білім жүйріктерінің жас буыны ПОЛИТЕХтің, ҚазҰТУ-дың даңқын асқақтатып, абыройын асырады деп сенемін. Мен ҚазҰТУ-дың бүгінгі студенті, ҚазҰТУ-дың ертеңгі жаңа жетістіктер мен жеңістерге жету жолында аянбаймын!
Тоқтарқұл Ұлан Нұрболатұлы
Еліміздегі инженерлік білім мен ғылымның қара шаңырағы, сүйікті оқу орным - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін, профессор-оқытушылар құрамын, ғылым жолына шам алып түскен жас ғалымдар мен болашақ инженерлерді 80 жылдық мерейлі тойымен құттықтаймын. Политех - өнер мен өнеге өрілген, өзіндік дәстүрлері қалыптасқан іргелі оқу орны. Орта Азия мен Қазақстандағы бірнеше толқын инженерлердің ұстаханасы. Толқымалы тарихы бар ҚазҰТУ-дай университеттің студенті болу әр студент үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Сексеннің сеңгіріне келген ҚазҰТУ-ға толағай табыстар, ғылыми ашылымдар, жаһандық жаңалықтар мен жаңашыл бастамалардың басында болуын тілеймін. Ғарыштық биіктіктегі ғаламдық білімнің көшбасшысы бол, ҚазҰТУ!
Кішкенебаев Нұржан Байдуллаұлы
В честь юбилея, искренни хочу пожелать нашему любимому университету крепкого здоровья и больших успехов в самых больших начинаниях!!!!
Кусайнов Турлыбек Осимгалиевич
Қ.И.САТПАЕВ АТЫНДАГЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТИН 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН.МЕН 2010-2014 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ Ө.БАЙҚОНЫРОВ АТЫНДАҒЫ ТАУ- КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАУ-КЕН ИСИ МАМАНДЫГЫ,АШЫК КЕН ЖҰМЫСТАРЫ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ТУЛЕГИМИН.
Қожахметова Назерке Мұратқызы
Ғылым мен Білімнің қара шаңырағы, талап пен талғамның ордасы болған ҚазҰТУ-дың туған күні құтты болсын! Алдағы асуларға тек сәт-сапар мен биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспін!
Джунусов Медет Адилгазиевич
Құрметті ұлағатты ұстаздар, қадірменді студенттер!Сіздерді білімнің қара шаңырағы, кемелді келешекке қарышты қадам басқан төл оқу орнымыздың 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!Тәжірибесі мол,біліктілігі жоғары,беделі зор мамандар ордасы - ҚазҰТУ дами берсін! Осындай беделді де мықты оқу ордасының студеті атанғаныма өте қуаныштымын. Әрдайым мерейің үстем,мәртебең биік болсын!!!
Нұрмаманқызы Еркежан
Биыл міне, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетіміздің қабырғасы қаланғанына 80 жыл толып отыр. Осы мерейтоймен барлық студенттер қауымын, ұстаздар ұйымын және барша Қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын! Осынша 80 жыл ішінде қаншама студенттерді түлеткен университетіміз, қазіргі таңда республика аумағында да, шет мемлекеттер арасында да өзіндік орны бар. Өзімді осы университеттің студенті болып, оқып жүргенімді мақтан тұтамын. Осы оқу орнында студенттерді білім нәрімен сусындатып, еңбек етіп жүрген ұстаздарға мың алғыс! Болашақта университетіміз үлкен-үлкен белестерді бағындыратынына сенемін! Үлкен қара шаңырағымыз мәңгі жасасын!!!!! Қаз­ҰТУ-ім жасасын!!!!!
Жалғасбекова Сымбат Жалғасбекқызы
Хочу поздравить свой любимый ВУЗ с 80-летием, пожелать ему дальнейшего процветания и развития, а преподавательскому составу – крепкого здоровья и терпения в их нелегкой профессии. Верность традициям, умение откликаться на веяния времени и работать на перспективу позволяют университету оставаться ведущим техническим вузом страны. Желаю дальнейшего роста и процветания, продуктивной работы в плане подготовки надежных и квалифицированных кадров!
Выпускник КазНТУ