ЭжБИ
Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ институтының ұжымы Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздестіру және барлау кафедрасының доценті Баймаханова Галина Александрқызын Қазақстан Коммунистік халық партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаты мандатын алуымен шын жүректен құттықтайды.
ГжМГІИ
Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында «Шетел галымдарын шақыру» бағдарламасы бойынша Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да 11 – 16 желтоқсан аралығында көмірсутектерді зерттеудің заманауи спектральдық әдісі бағытында белгілі ғалым, Лондонның Империал колледжінің профессоры Сергей Казарян жұмыс сапармен болды. Бекітілген жұмыс кестесіне байланысты төмендегідей тақырыптар бойынша дәріс оқыды: толқынды спектр және күрделі материалдар мен үрдістердің химиялық көрнісі; биоорганикалық заттар, мұнай және мұнайөнімдерін заманауи спектроскопиялық әдіспен зерттеу.
МГжПӨХТ кафедрасы
ҚазҰТУ «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының магистранттары академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік нәзік химиялық технология университетімен (МНХТИ) ғылыми тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
МГжПӨХТ кафедрасы
Соңғы жылдар ішінде «Павлодар мұнайхимия зауыты» акционерлік қоғамының ұжымы Қ. Сәтбаев атындағы Қазак үлттык техникалык университетінің 18 түлегімен толықты, соның ішінде 7 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының түлектері, олар 2011 жылы қабылданды. Жан-жақты теориялық дайындық осы мамандық түлектерінің талап етілуін арттырады. Жұмыс берушінің түрлі талаптарына бейімделу үшін ҚазҰТУ түлектерінің білімі мен дағдылары жеткілікті. Студенттерді оқытуға жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз, олар мұнай өңдеу саласының білікті мамандарының ішінде лайықты орын алып келеді.
Ақпараттық-баспа орталығы
Ғылымды, мәдениетті және білімді дамытуға қосқан үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Жолтаев Г.Ж., Кішібеков Д.К.,Көмеков С.Е. Құрмет орденімен, Шайхутдинов Е.М. 3-дәрежелі Барыс орденімен марапатталды.
Ақпараттық баспа орталығы
ҚазҰТУ-дың жоғары технология және тұрақты даму институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Серік Ешмұхаметұлы Көмеков ҚР Президентінің 2011 жылғы 5-желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен наградталды.
Ақпараттық-баспа орталығы
Біздің университет Халықаралық TARGET II жобасының әріптесі саналады, ол студенттер мен оқытушыларға Еуропа экономикалық қоғамдастығы мақұлдаған кандидатуралардың конкурстық негізінде Еуропадағы 7 университеттің бірінде оқуға мүмкіндік береді.
Академиялық мәселелер департаменті
Құрметтi Алматы қаласы мен Алматы облысы 10-11 сыныптарының оқушылары! Сiздерді Қ.И.Cәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да жалпы білім беру пәндері- математика, физика, химия, биология және ақпараттану бойынша олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
АМД
26-қаңтардан 12-ақпан аралығында «Қарашығанак Петролиум Оперейтинг Б.В.(КПО Б.В.) компаниясы 3 курс студенттеріне төмендегі мамандықтар бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өту үшін конкурс жариялайды:
АМД
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен бірлесіп экономика ғылымдары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) байқауын өткізеді.
ЭжБИ
Оқу бағдарламасын төмендегі мекен -жайдан немесе мына электрондық адрестен ала аласыз әйтпесе сұраныстарыңызды жібере аласыз e-mail: it-center@mail.kz
Қазақстан-Корей білім беру орталығы
2012 жылғы 29-30 наурызда Экономика және бизнес институты Халықаралық «Қазақстан ұлттық экономикасының тұрақты дамуы: теориясы, тәжірибесі, болашағы» ғылыми- тәжірибелік конференциясын өткізеді
ЭжБИ